Basty bet

Жолдардың сапасы жақсарып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бөлімінде халыққа сапалы жолдар, таза ауыз су және газ құбырларымен қамтылған жайлы тұрмыстық орта құру мәселесі қозғалған. «Еліміздің әр аймағы тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі бірдей емес екені белгілі. Алдағы үш жылдың ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді» делінген Жолдауда.

Өткен жылы ауданда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, басқа да мемлекеттік салалық және өңірлік бағдарламалар сәтті іске асырылды.
Өңірдегі автомобиль жолдарының ұзақтығы 629 шақырымды құрайды. Соның ішінде: республикалық 43 шақырым, облыстық 159,6 шақырым, аудандық 135,94 шақырым, және ауыл ішіндегі көше жолдары 291,1 шақырым. Өткен жылы аудандағы барлығы 10,89 шақырым ауылішілік жолдарды орта жөндеуден өткізуге қаралған 170 030,8 мың теңге қаражат толығымен игерілді. Боралдай ауылдық округінің Ертай ауылындағы 0,9 шақырым Л.Көпбаев көшесін орта жөндеу жұмыстарына қаралған 11 144,80 мың теңге көлеміне мердігер «Алматы ТехпромСтрой» ЖШС жұмыстарды толығымен аяқтады.
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Жанқожа батыр, Бейбітшілік көшелерін орта жөндеуге бөлінген қаржы толығымен игерілді. Мердігер «НұрАбдрахман жолдары» ЖШС жұмыстарды сәуір айында бастады. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, жұмыстар толық көлемде орындалды.
Ақсай ауылдық округінің Диқан ауылындағы Ы.Байділда және Билікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Жылыбұлақ көшелерінің автомобиль жолдарын орта жөндеуге бөлінген қаржы да толықтай игерілді. Мердігер «Жамбыл ДорСтрой-Сервис» ЖШС жұмыстарды сәуір-мамыр айларында бастады. Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен орындалды.
Қарасаз ауылдық округінің Көктас ауылындағы Достық көшесінің 1,320 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуге бөлінген 17 631,0 мың теңге қаржы толықтай игерілді. Мердігер «Жандос және К» ЖШС жұмыстарды сәуір айында бастап, асфальт төсеу жұмыстарын толығымен орындады.
Көкбастау ауылдық округінің Қосбөлтек ауылындағы О.Жапарқұл көшесінің екі шақырым автомобиль жолы орта жөндеуден өткізді.
Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты ауылындағы Б.Момышұлы көшесінің 0,980 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуге бөлінген 14 968,6 мың теңге қаржы да толықтай игерілді. Мердігер «Рауан» ЖШС жұмыстарды мамыр айының аяғында бастап, жұмыстарды толығымен атқарды. Сонымен қатар үш дана жол белгілері орнатылды.
Аудандық мәндегі автомобиль жолдары бойынша қаралған қаржы көлемі 119 988,0 мың теңге, игерілген қаржы көлемі 66 758,0 мың теңге, ол 55,6% құрайды. Атап айтқанда, 3,069 шақырым «Жаңаталап-Күркіресу» автомобиль жолын орта жөндеу бойынша қаралған қаржы сомасы 41705,0 мың теңге. Мердігер «Рауан» ЖШС жұмыстарды маусымда бастап, жұмыстарды толық аяқтады.
Облыстық бюджеттен қосымша 44019,0 мың теңге «Шақпақата- Т.Дүйсебайұлы» 2,564 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуге бөлінген қаржы көлеміне жұмыстары толық аяқталды. 2019 жылға аудандық мәндегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 12 961,6 мың теңге қаржы қаралып, 3070 шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымды жөндеу жұмыстарын «Жасыл-Жуалы» МКК атқарды.
Ауылішілік автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 16 000,0 мың теңге қаржы қаралып, 3789,6 шаршы метр жөндеу жұмыстары «Жасыл-Жуалы» МКК күшімен атқарылды.
Облыстық мәндегі автомобиль жолдары бойынша қаралған қаржы көлемі 817 800,0 мың теңге. Атап айтқанда, «Әбілдабек-Бақалы-Сұрым-Бәйтерек» автомобиль жолының 0-10 және 21-32,1 шақырымдарын орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. «Бауыржан Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 15-33 шақырымын орта жөндеуге 311 381,0 мың теңге қаралып, жұмыстар кестеге сай атқарылып, асфальт төсеу жұмыстары мерзімінде аяқталды.

Ерболат СЕЙІТБЕКОВ,
аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі
бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close