Basty bet

Аудан әкімінің есебі тыңдалды

Аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе – аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі Жалғас Мұртаза баяндама жасады. Жалғас Әлижанұлы аудандық мәслихаттың депутаттары ауданда атқарылған жұмыстардың басы-қасында жүргенін айта келіп, алайда нақты деректерге тоқталып өтуді жөн санады.
-Жуалы ауданына қарасты 14 ауылдық округтегі 49 елді мекенде 54 586 адам тұрады. Оның 25 953 мыңы немесе халықтың 47,5 пайызы экономикалық белсенді топтың қатарында.
Жалпы аудандық бюджет 7,6 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде: өзіндік кіріс – 2,5 млрд., субвенция – 2,7 млрд. теңге, трансферт – 2,4 млрд. тг (РБ – 0,7 млрд. ОБ – 1,7 млн.).
Ауданда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Биыл жалпы құны 3,2 млрд. теңгеге 45 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары іске асырылатын жалпы құны 12,3 млрд.тг құрайтын 24 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын,- деді жалғас Мұртаза.
-Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында атқарылған құрылыс көлемі индикаторы – 936,7 млн.тг, (2022 жылмен салыстырғанда – 119,8 пайызға артық орындалды). 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларына пайдалануға қабылдау жоспарланған тұрғын үй құрылысы көлемі – 6794 м2, (2022 жылмен салыстырғанда – 103,6% пайызға артық орындалды).
Ауданда тұрғын үй кезегінде 819 адам тіркелген. Ағымдағы жылы кезекте тұрған адамдарға 18 жалдамалы пәтер пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, «Асарлатып үй салу» жобасымен жағдайы төмен отбасыларына 14 тұрғын үй тапсырылу жоспарланып отыр.
Ауданда жер телімін алуға 6526 адам. (3644 қағаз түрінде және 2882 электронды түрде) кезекте тұр.
2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220,0 млн. тг 3 алқапқа (Теріс 15га, Қосбөлтек 15га және Нұрлыкент 10 га) 6 жоба (ИКИ) инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаржы бөлініп, 186 кезекте тұрған азаматқа жеке тұрғын үй құрылысы үшін учаскелер беруге дайын.
Бүгінгі күнге ауданның орталықтандырылған ауызсумен қамтылуы 36 елдімекен, ол 73,5 пайызды, 46 642 тұрғын ол 85,4 пайызды құрап отыр. 3 елді мекен 2022 жылдан өтпелі болған (қаржысы) 427,7 млн теңге құрайтын Бәйтерек, Кәріқорған және Тасбастау ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша 49 елді мекеннің 44-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған (89,8 пайыз)
2023 жылға өтпелі Қошқарата, ауылына кварталішілік газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде жыл соңына қарай табиғи газбен қамтудың үлесі 45 елді мекен 91,8 пайыз қамту жоспарлануда.
Билікөл ауылдық округіне кварталішілік газ тартуға ЖСҚ әзірленіп, магистральды трассасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендерді 100 % табиғи газбен қамту жоспарлануда.
Автомобиль жолдары бойынша: Барлық бюджет көздерінен 1 190060,0 мың теңге бөлінген.Оның ішінде:(РБ – 727,5 млн.тг, ОБ – 146,4 млн.тг, АБ – 273,1 млн.теңге).
Ағымдағы жылы 1 190,0 млн теңгеге барлығы 34 жоба бойынша 52,494 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өнеркәсіп саласы бойынша 2023 жылдың 6 айында 4 жобаны 95,5 млн.тг қаржыландырылды.
Бағдарлама аясында инфрақұрылым тарту бойынша 2023 жылдың 6 айында 2 жоба қолдау тапса.
Жыл аяғына дейін 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы 2023 жылы 1 мамырына ауыл шарушылығы саласында 8 млрд. 572,8 млн. тг құрады немесе нақты көлем индексі 100,5 пайыз. (2022 жылы 8 030,1 млрд тг 101,7 %).
Ет өндіру 4 623,5 тн (100,0%). Сүт өндіру 16 293,2 тн (100,6%). Тұқым 1 294,0 мың дана (100,2%) өнім алынды.
Мал басы: Мүйізді ірі қара 53 508 бас, қой-ешкі 268 312 бас, жылқы 19 056 бас, шошқа 109 бас, құстар 115 049 басты құрап отыр.
Ауданда МІҚ малының аналық басы 24 956. Бір күндік сүт көлемі – 150 мың литр. Оның 134 мың литрі сүт өңдеу зауыттарына өткізілсе, 16 мың литрін халық тұтынады. Зауыттарға өткізілетін сүттің 43 тоннасы (39,4 %) сыртқа кетсе, 66 тоннасы (60,6%) аудан зауыттарына өткізіледі.
Мал азығы дақылдары ауданда 34 190 гектарда орналасқан. Мал азығын дайындау жоспары пішен – 156 500 тонна, пішендеме – 12 550 тонна, сабан – 42 000 тонна және сүрлем 12 000 тонна.
Бүгінгі күнге дайындалғаны пішен – 2 500 тонна (1,6 пайыз), пішендеме – 350 тонна (2,7 пайыз).
Суғармалы жерлерді қалпына келтіру: Ауданда суғармалы жер көлемі 8460 га, оның 2678 га су үнемдеу технологиясымен суғарылады (31%). 2023 жылға жоспар 295 га.
Бүгінгі күнге Қызыларық а/о қарасты «Дархан» шқ 38 га картоп алқабына тамшылатып суғару қондырғысын орнатты. Нұрлыкент а/о «Төлеген», Қызыларық а/о «Мерсейіт» және Ақтөбе а/о «Мухиддин» ш/қожалықтары жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатып дақылдарды суғарылуда.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы Жетітөбе ауылдық округінде іске асуда. Жалпы 5 бағыт бойынша округтін 147 жанұясы, 932,77 млн теңге алып кәсіптерін атқаруда атқаруда.
Атап айтқанда: МІҚ -755 бас, Жылқы – 340 бас, Қой – 2030 бас, 4 дана- трактор, 2 дана – шөп байлағыш, 2 дана – дәнсепкіш, 3 дана – соқа, 6 дана әртүрлі тіркемелер алынды.
Сонымен қатар, Қарасаз және Қызыларық ауылдық окрутері бойынша 261 құжат тапсыру жоспарланған, бүгінгі күнге 98 дана құжаттары тапсырылып жұмыс атқарылуда.
Техника. Бүгінгі күнге 235,455 млн теңгеге 45 дана жаңа техникалар алынды, 12 дана доңғалақты тракторлар және 33 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері.
Мемлекеттік қолдаулар: 2023 жылы «КТ Жуалы» несие серіктестігі арқылы барлығы 39 ш/қ 453,260 млн тн, оның ішінде «Кең дала» бағдарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарына 15 шаруашылық 140,3 млн тенге алды.
Жер қатынастары саласы: Ауданның жалпы жер көлемі 413 698 га., оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 216 334 га құрайды. Оның ішінде; (Егістігі 95 447 га., Суармалысы 8 460 га. Жайылымы 114 559 га., Шабындығы 2046 га) құрайды.
Әлеуметтік сала
«2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде ағымдағы жылдың 5 айында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы 1958 адамды құрады, яғни 52,6% орындалды.
Есепті мерзімде барлығы 1365 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 3131; орындалуы – 43,5%). Тұрақты жұмысқа – 735 адам орналастырылды (жоспар-2031, орындалуы-36,1%); уақытша жұмыс орындарына 630 адам жолданды (жоспар – 1100, орындалуы – 57,2%): Оның ішінде: (ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 423 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 91 адам, Жастар практикасына – 39 жас маман; “Алғашқы жұмыс орны” жобасына -19 адам; “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына – 2 адам; 50 “Күміс жас” жобасына – 56 адам).
Кәсіпкерлік бастамашылыққа қайтарымсыз мемлекеттік гранттар әлеуметтік осал топтар қатарындағы 18 қатысушыға жалпы сомасы 24 млн 840 мың теңге қаражат берілді (орындалуы-24,6%),- деді аудан басшысы. Жалғас Мұртаза сонымен бірге депутатардың сұрақтарына жауап берді.
Аудандық мәслихаттың депутаты Марат Нарымбеков “АМАNАТ” партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына келетін азаматтардың тарапынан қойылатын сұрақтардың негізгісі ретінде екі сұрақты жолдады. Яғни, орталық базар аумағында “қызыл сызықтан” өтіп кеткен сауда орындарын заңдастыру және жаңадан соғылып жатқан екі қабатты үйлердің шын мұқтаж жандарға берілуі қатаң бақылауда болса деген сұранысын жеткізді.
Аудан әкімі бірінші мәселе бойынша екі сауда нүктесімен жұмыс жасалып жатқанын, одан бөлек тұрғындармен кездесулерде тұрғындар тарапынан орталық базардағы көлік қозғалысындағы ретсіздік, базардағы жолдың нашарлығы, базарлардың санитарлық талапқа сай келмейтіні, базарды көшіру туралы сұрақтар жиі қойылатынын айта келіп, базарды көшіру үшін бірінші инвестор керектігін айтып өтті. Басқа мәселелерге қатысты орталықтағы бірнеше базардың иелерімен депутаттармен бірлесіп жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Ал, депутаттың екінші сұрағы бойынша төмендегідей жауап берді:
-Бұл мәселе бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған шын мұқтаж жандарға берілуі үшін бюджеттік комиссия барынша ашық жұмыс жасады. Алайда тұрғын үйге қол жеткізген жандардың арасында пендешілікке салынғандары болуы мүмкін. Комиссия құжатпен жұмыс жасады. Құжатта олардың өзінің атында үй болмаған. Дегенмен ереже бойынша алты айға дейін үйді алған жан отбасымен көшіп келуі керек. Сондықтан бұл мәселеге алты айдан кейін қайта зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Егер алған үйіне әлі көшіп келмеген, алып алып, біреуге жалға беріп қойған азаматтар болса, оларға ескерту беріледі. Ескертуді орындамаса, сот арқылы үйді қайтаратын болады,- деді аудан әкімі.
Аудандық мәслихаттың депутаты Ұлан Айхожаев аудан әкімінің көшелердегі бильбордтарды ретке келтіру, жолдарды жөндеу мәселесін қолға алғанын қолдайтынын айта келіп, жұмыстар әрі қарай жалғасын тапса, жандандырылса деген сұранысын білдірді.
Аудан әкімі аудан орталығының архитектуралық келбетін дамытуды жоспарлауда бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.
Аудан басшысы сонымен бірге можаритарлық жүйемен сайланған депутаттардың өз жұмысына берген бағасын халықтың бағасы деп есептейтінін айтты. Сондай-ақ, Көлбастау ауылындағы қоқыс полигонына алдағы сессияда қаржы қарастырылып, орын жабылған соң, ол жерге тұрғындардың қайта қоқыс тастамауын қатаң бақылау қажеттігін, (Диқан ауылының сыртындағы қоқыс алаңына да қатысты айтып өтті) тәртіпке бағынбағандарға айыппұл салу арқылы мәдениеттілікке мәжбүрлеп тартуға қоғам болып атсалысуға шақырды.
Сонымен бірге Билікөл ауылдық округіне қарасты елдімекендерді газдандыру мәселесіне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына да тоқталды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралғандықтан қайта қаралған жоқ.
Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Рымбекұлы қорытындылады.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close