Basty bet
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін
Қыркүйектің бірінші жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жария етті.
Шын мәнінде былтыр жарияланған Жолдау мен биылғы жаңа құжаттың арасында дәл бір жыл уақыт өтіп, осынау есепті мерзімде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мұның бәрі түптеп келгенде, елдің, оның ішінде, жастардың жарқын болашағы және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылуда. Ең бастысы, елімізде тыныштық пен саяси тұрақтылық бар. Бұл – ел дамуының басты алғышарты.
Ал халыққа арналған биылғы Жолдаудың әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығып тұрған кезінде жариялануы да бас құжатта айтылған мәселелердің салмағын одан әрі арттыра түсетіні анық.
Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз. Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде, – деді.
Президенттің Жолдауын тыңдай отырып байқағанымыз, құжаттың өне бойында төмендегі салалар туралы кеңінен айтылды. Олар – өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы (агроөнеркәсіптік кешенді дамыту), энергетика, көлік-логистика, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрияны дамыту және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөнінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жаңа Жолдауы халыққа жол тартты. Қасиетті Жуалы ауданының аға буын ардагерлер қауымы бұл құжатпен жақынырақ танысып, Президенттің бастамаларына оң бағасын беріп, жылы пікірлерін де білдіру үстінде. Жарқын болашаққа жаңаша бағыт сілтейтін Президент Жолдауы алдағы уақытта жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін.
Сейітхан ЖҰМАШЕВ,
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның
аудандық филиалының төрағасы.
Ауданның Құрметті азаматы.