Basty bet

Мәселелер қаралып, ұсыным берілді

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралып, ұсыным берілді.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің 2022-2023 ж. 9 айындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша бекітілген Кестеге сәйкес, аталған бөлімнің сектор меңгерушісі С.Нұрлыбаевтың хабарлама-баяндамасының біржақты-жалпылама, мемлекеттік көрсетілетін төрт түрі бойынша қызметтердің сапасын арттыру, жетілдіру шаралары қамтылмағаны ескеріліп, 2023 жылдың IV тоқсанына қалдырылсын.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторинглау бөліміне берілетін арнайы есептілікті сапалы және дер кезінде ұсынуды қамтамасыз ету ұсынылсын. Кестеге өзгерту (IV тоқсан) енгізу де ұсынылсын.
Қошқарата ауылдық округінің хабарламасын назарға ала отырып, зерделеп, көрсетілген кемшіліктерді жоюды ұсына отырып, оң ұсыным берілсін.
«Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету» туралы аудан мәслихатының шешім жобасына оң ұсыныс берілсін.
Қызыларық ауылдық округі бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің комиссиясының анықтамасы негізінде «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына» ауыл әкімі Е.Сүгірбековтің немқұрайдылық танытып, кемшіліктерге жол бергені үшін аудан әкіміне жауапкершілігін қарау үшін ұсыным-хат жолдансын.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңестер туралы Ережені бекіту туралы» №69 бұйрығының 39 пунктіне және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 12-бабы, 2-тармағына сәйкес, қосымша конкурс өткізуге байланысты кеңес отырысының дайындығы, ұйымдастыру мәселелерін шешу аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы Е.Абдиалимге жүктелсін.
Әбдікерім Уркумбаев,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close