Basty bet

Есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу маңызды

Аудан әкімдігі жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңес органының 2025 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы қомиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты тиісті бөлім басшылары және ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, яғни, аудандық білім бөлімде үстіміздегі жылдың тоғыз айында пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелет жасқа толмаған балалары бар сотталғандармен атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Бахыт Шертаева баяндады. Бахыт Рахымжанқызы бірінші мәселеге сәйкес, аудан мектептерінде білім алатын балалармен жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін баяндады.
Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселе – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу қызметтерінің атқарылған жұмыстарын талқылау бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының у.м.а Гүлшат Наурызова баяндама жасады. Ол 2025 жылдың тоғыз айында пробация қызметіне есепке алынып, бақылауда тұрған 36 азаматтың әлеуметтік жеке бағдарламалары Мансап орталығына жолданғанын, олар ресми түрде тіркеліп, қазіргі таңда тұрақты жұмыспен қамтылған 21 азамат бар екенін, ақылы қоғамдық жұмыстарға сегіз адам жолданғанын, ұсынылған жұмыстардан бас тартып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған екі азамат бар екенін айтты. Өзге өңірге қоныс аударған екі азамат және жұмыс іздеуші ретінде екі азамат тіркеуде тұрғанын баяндады.
Комиссия отырысында әртүрлі мәселелер қаралып, сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу маңызды екені айтылып, комиссия отырысына тыңғылықты дайындықпен келу ескертілді.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы қорытындылап, тиісті мекеме басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close