Basty bet

Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулы

Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Тараз қаласының, облыс аудандарының әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдардың 2020 жылғы 6 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап қамтамасыз етуі тиіс:
1) қалааралық, облысішілік автобус қозғалысын тоқтата тұру;
2) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;
4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;
5) барлық мәдени нысандардың (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;
6) діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;
7) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;
8) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
9) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың,
сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;
10) қоғамдық көлік қозғалысын сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін шектеу;
11) Азық-түлік және азық-түлік емес сатылатын жабық базарлардың жұмысын тоқтату (жабық ғимараттарда орналасқан);
12) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;
13) саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруды 22.00-ден 07.00-ге дейін шектеу;
14) маскалық режимді сақтай отырып, салонда екі жолаушыны немесе бір отбасы мүшелерін тасымалдау бойынша такси қызметіне рұқсат беру;
15) қоғамдық көлік таңертеңгі сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін және түстен кейін сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруіне рұқсат беру;
16) осы қаулының №1 қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін қызметіне рұқсат беру;
17) ауданы 500 м2 аспайтын ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің қызметіне белгіленгенкесте бойынша жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беру;
18) ауданы 500м2 аспайтын азық-түлік емес дүкендердің және ауданы 500м2 жоғары азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізіп беру қызметіне рұқсат беру;
әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);
19) аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;
20) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақ үйлердің, санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің, туристік базалардың қызметіне рұқсат беру;
21) дәріханалардың әдеттегі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беру;
22) азық-түлік дүкендерінің қызметіне (минимаркеталар, супермаркеттер, гипермаркеттер) 09.00-ден 20.00-ге дейін, үй жанындағы дүкендердің қызметіне 08.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат беру;
23) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, тек ашық ауада 30 орыннан аспайтындай етіп жасақтап, жұмыс уақытын сағат 09.00-ден бастап 20.00-ге дейін шектей отырып, шығару және жеткізу режимінде рұқсат беруді;
24) азық-түлік дүкендерінің (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) қызметіне 9.00-ден 20.00-ге дейін, үйде орналасқан дүкендердің қызметіне сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беруді;
25) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, уақыт бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беруді;
26) ұжымдық шаралар өткізбей санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып ашық алаңда (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне 30 адамнан аспайтын адам қабылдау сағат 9.00-ден 20.00-ге жеткізіп беру және шығару мүмкіндігіне рұқсат беруді;
27) уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеуді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беруді;
28) санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып және уақытын 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеп халыққа қатынассыз қызмет көрсету қызметіне рұқсат беруді (көлік жөндеу, жуу, тұрмыстық техникаларды жөндеу және басқалар);
29) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және уақыт бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі шектеуді сақтай отырып бизнес орталықтарының (адвокат қызметі, есеп-қисап, консалтинга, жылжымайтын мүлік агентствалары, сот орындаушылары және басқалар), букмекерлік конторлардың қызметіне рұқсат беруді;
30) халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдын ала Egov.kz, телеграмм-бот EgоvKZBot 2.0 брондау бойынша белгіленген уақытқа сай жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін, Call орталықтарының жұмысын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істеуіне, демалыс және мереке күндері жұмыс әстеуге тиым салуды;
31) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып уақытын 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеп Қазпошта АҚ қызметін онлайн форматта қызмет көрсетуін ұйымдастыруды;
32) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілернің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етуді қамтамасыз етсін.
2. Тараз қаласы, облыс аудандарының әкімдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, полиция департаменті қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шектеулерді ұзарту және күшейту мүмкіндігімен 2020 жылғы 6 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Н.Муликова,
облыстың бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушы

Таңдаулы материалдар

Close