Basty bet
ТАЛАПТЫ БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНУДА
Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтардың ескертуіне қарамастан кейбір кәсіпкерлік нысандар заңбұзушылыққа жол беруде. Мобильдік топтың зерделеуі нәтижесінде “Мирас”,” Керуен саз” дәмханалары мен “Кәусар”,” Алиева” сұлулық салондарының қызметкерлері карантиндік талаптарды өрескел бұзып, тұтынушыларға қызмет көрсеткен. Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес хаттама толтырып, сотқа жолдады.