Basty bet
«Үздік ауылдық мейіргер-2023»
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі мен «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ бірлесе отырып мейіргер мамандары арасында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай облыстық кәсіби байқауын ұйымдастырды.
Байқауға барлық аудандандар мен Тараз қаласынан мейіргерлер қатысты. Кәсіби байқау үш номинация аясында өтті.
Байқау нәтижесінде «Үздік ауылдық мейіргер-2023» номинациясы бойынша Жуалы аудандық орталық аурухананың №1-аймақтың мейіргері Абдикайм Ақерке Әбдіқадірқызы 1 орынды жеңіп алды. Әріптесімізге ұйымдастырушылар тарапынан 100 000 теңге сыйақы және біліктілігін арттыру мақсатында С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында біліктілігін арттыруға жолдама берілді.
Сонымен қатар, мерекеге орай бірқатар мейіргерлер түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Гүлайым Топаева Жамбыл облысы Мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің «Шарапат» атты төсбелгісімен, Нұрғайша Сыдықбаева облыстық денсаулық сақтау басқарамасының Алғысхатымен, акушерка Светлана Барвит «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ-нің Құрмет грамотасымен, Жанна Асылбекова Алғысхатпен марапатталды.
Барша әріптестерімізді төл мерекелерімен және марапаттарымен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат және отбасыларына бақыт-береке тілейміз!
Аудандық аурухананың әкімшілігі