Basty bet

Жуалы ауданында сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде №1 қосымшаға сәйкес үй-жай берілсін.
2. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келсімі бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізгі үй-жайлар беру үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 07 сәуірдегі №173 (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде №4548 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Кусембаев Ратбек Қанатбекұлына жүктелсін.
5. Осы Қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ж.Мұртаза,
аудан әкімі
«Келісілді»
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы
________________ Н. Алтыбаева
«___» _____________ 2024 жыл

Таңдаулы материалдар

Close