Basty bet
36 рейд өткізіліп, 214 нысан араланды
Аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев өңіріміздің карантин жағдайындағы онлайн құрбандық шалуға дайындығын тексеру үшін мал сою алаңына барды.
***
Аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелері бойынша жиналыс өтіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.
***
«Jýaly – adaldyq alańy» жобалық офисінің үйлестірушісі және аудандық мәслихат депутаттарынан құралған мониторингтік топ дәріханалардағы дәрі-дәрмектің жеткіліктілігі мен баға тұрақтылығын тексерді. Тексеру барысында дәрілердің бағасы ДСМ бекіткен бағаға сәйкес болғанымен, кей дәріханалардың сатып алушыға чек бермеу фактілері тіркелді. Бұл дәріхана иелеріне ескерту жасалды. Сондай-ақ, бұған дейін аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері 36 рейд өткізіп, жалпы 214 нысан аралаған. Рейд барысында 154 нысанға ауызша ескерту жасалып, 4 нысанға хаттама толтырылып, сотқа жолданып, екі нысан жабылды. Осылайша, аталған шаралар тұрғындарды медикаменттермен үздіксіз қамтуға және үйде емделетін науқастарға жағдай жасап, дәрілердің баға тұрақтылығын сақтауға жағдай жасауда.
***
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы орта мектеп, №29 және Күреңбел орта мектебі, №15 мектеп-лицейлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
***
Ауданымызда COVID-19 пандемиясына байланысты ақпарат алу үшін медициналық кеңес беру орталықтары ашылды. Олар №16 Жуалы колледжінде (Ақбастау ауылы), №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте (Қарабастау ауылы), №21 Д.Пахомов атындағы орта мектепте(Қоңыртөбе ауылы), №1 мектеп-гимназиясында (Б.Момышұлы ауылы), №25 Ақтөбе тірек мектебінде (Ақтөбе ауылы), №30 Көктөбе орта мектебінде (Көктөбе ауылы), №33 Теріс-Ащыбұлақ бастауыш мектебінде (Теріс-Ащыбұлақ ауылы) орналасқан.
Үміт Мадиярбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы