Basty bet
Ауызашар – сауабы мол амал
Өткен жұма күні аудан әкімдігі ауызашар берді. Биыл бұл игі бастама жаңа қабылданған Наурызнама тұжырымдамасына сай 15 наурыз – Қайырымдылық күніне тұспа-тұс келді.
Ұйымдастырылған шараға ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, әр саладағы еңбек адамдары шақырылуда.
Жиын барысында аудан әкімі Жалғас Мұртаза жиналған көпшілікті Рамазан айымен және әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Ағымдағы жылы Наурыз мерекесі еліміз бойынша жаңа форматта ерекше аталып өтіп жатқанын жеткізді.
Айлардың сұлтаны Қасиетті Рамазан айында, қасиетті жұма күні жасаған ізгі амалдар мен дұға-тілектердің қабыл болуын, ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тіледі.
Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев көпшілікке игі тілегін жеткізіп, Рамазан айы мен Наурыз мейрамының ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, елдің бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, Рамазан айында ішімдік сатуға, Алланың тыйғандарынан тыйылуға үндеген ардагерлердің үндеуіне үлес қосуға шақырды.
Ауданның қадірменді қариясы, Жамбыл облысының құрметті ардагері, ардагер ұстаз Әбілқасым Ергебеков Оразаның қадір-қасиеті туралы тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
Жиын соңынан батагөй қария Аманжол Дүрәліұлы бата беріп, ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев Құран оқыды.
Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”