Basty bet

Семинар-кеңес

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының праймеризін ұйымдастыру жолдары мен ережесін түсіндіру жөнінде аумақтық Ұйымдастыру комитетінің семинар-кеңесі өтті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне праймеризді ұйымдастыру міндеттері, қағидаттары туралы нұсқаулық таратылып, ерекшеліктері мен тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар саяси бәсекелестікке сақадай сай болу керектігі айтылды.
Алдағы праймеризде қазіргі заман талабы ескеріліп, дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн дауыс беру жүйесі де енгізілгені баса айтылды. Онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді бола түсуіне жасалған тағы да бір қадам екендігі де ескерілді.
Алдын ала партияішілік іріктеу тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтіп, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының пікірлерін тыңдауды басты назарға алуды талап ететін бастама екендігі жеткізілді.
Сондай ақ, әрбір ұйымдастыру комитеті мүшелеріне өз міндеттері жүктелді.
Кәмшат ТҰРАН,
«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының консультанты

Таңдаулы материалдар

Close