Basty bet

Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақылар

Көпбалалы аналарға үкімет тарапынан қандай жәрдемақылар төленеді?
Меруерт Балабекқызы,
көпбалалы ана

–Көпбалалы аналарға үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдердің біріншісі – мемлекет аналарымыздың алғашқы үш баласы дүниеге келгенде (яғни, бірінші, екінші, үшінші балаларына) 105 564 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төлейді. Егіз не үшем болса, еселеніп төленеді. Төртінші және төртіншіден кейін дүниеге келген балаларға 175 014 теңге беріледі. Мұны «жөргекпұл» деп те атап жатады.
Сонымен бірге бала бір жасқа толғанша жұмыс істемейтін ана болса, бірінші баласына бір жасқа дейін 16 002 теңге, екінші балаға 18 919, үшінші балаға 21 808, төртінші және одан көп балаға 24 725 теңге төленеді.
Жұмыс істейтін аналар жүктілік есебінен жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік сақтандыру қорынан төлем беріледі (декретный). Мысалы, жалақысы 100 мың болса, оның 4,2 есесін, яғни, 420 000 теңге қаражат алады. Бала жасқа толғанша жалақысының 40 пайызын алып отырады. Оның он пайызы зейнетақы жарнасына аударылады.
Сонымен бірге, «Алтын алқалы» және «Күміс алқалы» аналарға 17 780 теңге, сондай-ақ, көпбалалы аналарға 18 жасқа дейінгі балалары бар төрт балалы аналарға ай сайын 44 532, бес балалы аналарға 55 672, алты балалы аналарға 66 811, жеті балалы аналарға 77 951 теңге, сегіз балалы анаға 88 896 теңге төленеді.
Жасұлан Ермаханұлы,
Жуалы ауданының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімінің бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close