Basty bet
Праймериз-2020
Баршаңызға белгілі «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу праймеризі 17 тамыздан бастау алды. Елбасы – партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, праймериз –партияның белсенді мүшелері мен көшбасшыларын айқындаудың ең тиімді тетігі әрі тұңғыш рет жаңа сипатта өткелі отыр. Осылайша , еліміздің сайлау жүйесі демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Праймериз бұл-нақты әрі мықты лидерлерді анықтау және тарту болып табылады. Бұл іріктеу жұмыстары елім үшін қызмет етемін деген азаматтардың ашық бәсеке арқылы өзін-өзі жан-жақты көрсетіп, өңірдің,ауданның өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін анықтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар праймериздің басты мақсаты-әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау.
17 тамыздан басталып 28 тамызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде кандидаттар тіркелуде.Кандидаттар праймеризге бастауыш партия немесе өзін-өзі ұсыну арқылы қатыса алады. Сондай ақ «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалында үміткерлердің құжаттарын қабылдау және тіркеу жұмыстары жалғасуда. Бір апта ішінде ауданымызда 43 үміткер тіркеліп «Тіркелген Кандидат» мәртебесін алды. Ұсынылған 43 үміткердің ішінде 17-әйелдер, 4-көпбалалы аналар, 2- қандас бауырларымыз, 11-жалынды жастарымыз белсенділік танытты. Қазіргі таңда өзін-өзі ұсынушы белсенді азаматтардың саны артуда.
Ұйымдастыру
комиссиясы