Basty bet
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас бөлшегінің бірі. Қазақстан Республикасында да Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттік рәміздер болып саналады.
Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өскені жөн. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. «Қазақстан – біздің Отанымыз, бұл ұғымға көп нәрсе кіреді» деп атап көрсеткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән-мағынасы бар. Оған жай ғана мысал,Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі мен Әнұранның орындалуы әрбір азамат үшін мақтаныш пен үлкен қуанышты тудырады.
Біз болашақ жастар өз ата-тегімізді, отанымызды, халқымызды, өз мемлекетіміздің рәміздерін, салт-дәстүрлерімізді жүрекпен сүйе білсек, әрі ұрпағымызды соған тәрбиелеп, баулысақ біз ешбір жанға дес бермес Қазақстан боламыз.
Мемлекеттік рәміздеріміз – бұл ұлттық мақтаныштың және оларға деген ерекше көзқарастың белгілері. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Көркем Әзімхан,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің
журналистика мамандығының
І курс студенті