Basty bet

Мерекелік медальмен марапатталды

Аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Қырғызбаев “Шекараны қорғауға қосқан үлесі үшін” естелік мерейтойлық медалімен марапатталды. Сонымен бірге, ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 28 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету ісіндегі шекарашылардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайын қамтамасыз ету жолындағы қосқан үлесі үшін аталған комитеттің Грамотасы тапсырылды.
Талғат Тәжібайұлына марапаттарын аталған Комитет өкілі мен аудан әкімі Нарбай Ергебеков және аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев тапсырды.

Таңдаулы материалдар

Close