Basty bet
“Жаман ауру” жанымызда жүрмесIн…
Жұқпалы індеттің жаманат хабары жар астынан естіліп жатыр. Кейінгі күндері індет жұқтырған адамдардың саны артқаны туралы ақпарат жиілей бастады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Бірақ олар «жасыл» аймақта болғанымен атты жаман індетті жұқтырғандар саны көбеюде.
Жамбыл облысы «жасыл» аймақта болғанымен, соңғы тәуліктердегі келіп түскен ақпараттарға қарағанда, «жаман тұмау» тағы да бас көтере бастағанға ұқсайды. Мәселен, соңғы мәліметтерге сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша осы індетті жұқтырған 85 адам тіркелген.
Ал біздің ауданда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 240 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелген, оның ішінде 192 (80%) симптомы бар науқас және 48 (20%) адам КВИ симптомы жоқ науқастар. Жұқтырғандардың ішінде екпе алғандар (108 адам- 45%)
Ал, 1 шілдеден бастап, КВИ жұқтырған 66 науқас тіркелді. Оның ішінде 21 бала (5-і оқушы ), 1 дәрігер, 7 зейнеткер, қалғандары жұмыссыздар мен басқа сала мамандары.
Қазір жүріп жатқан коронавирус инфекциясының басты белгілері суық тиген сияқты жыбырлау, бас ауыру, тершеңдік пен әлсіздік. Егер осы белгілердің біреуі мазаласа, уақыт оздырудың қажеті жоқ.
Коронавирус инфекциясының ауыр ағымына жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалар және денсаулығына байланысты тіркеуде тұрғандар жатады: семіздік, жүрек ауруы, бас ауруы, қан тамырлары, бауыр және бүйрек аурулары бар үлкен жастағы пациенттер.
Балалар арасында індеттің таралуына олардың науқастармен байланыста болуы ғана емес, балалардың вакциналанбауымен және коронавирус инфекциясына қарсы жасанды иммуниетінің болмауы себеп болып отыр.
Эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты бүгінгі күнге аудан бойынша Пфайзер/«Комирнати» вакцинасының 1 компонентін 7257 адам алды(121,9%), оның ішінде 252 жүкті әйел, 686 емізулі әйел және 12-17 жастағы 5072 жасөспірім. Ал 2 компонентін 7013 адам (117,8%), алды, оның ішінде 187 жүкті әйел, 596 емізулі әйел және 12-17 жастағы 4974 жасөспірім.
Ревакцинация бойынша иммундық жүйені нығайтуға және өздерін қауіпті аурудан қорғауға шешім қабылдаған 12443 адам QazCovid-in вакцинасын, 500 Спутник Лайт, 6778 адам Sinopharm, 1191 адам Пфайзер вакцинасын алды. Бүгінгі күнге АОЕ-да Пфайзер -96 доза қалдығы бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі вакцинациялау – қазіргі уақытта Ковид-19 вирусының барлық айналымдағы нұсқауларынан, ауыр дерт пен өлімнен құтқаратын ең жақсы қорғаныс болып қала беретінін алға тартуда.
Ал, енді коронавирус инфекциясының өрши бастағанына келсек, ауданның санэпидбақылау басқармасы өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарына жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағып жүру керегін ескерте бастады. Сонымен қатар аталған ведомствоның мамандары вакцина салдырудың толық курсынан өткендер үшін «жаман тұмаудан» келер қауіптің жоғын жоққа тән екенін айтып отыр.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»