Basty bet

“Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ”

Республикалық конкурсы

«AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 12 сәуірдегі №001-03 Қаулысына сәйкес 25 сәуір мен 20 қазан аралығында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурстары «Үздік қысқаша мотивациялық бейнеролик», «Үздік сурет/плакат» және «Үздік журналистік зерттеу» бағыттары бойынша өткізіледі.
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» конкурсына кез келген азамат қатыса алады.
Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған байқау жұмысы авторының белсенді азаматтық ұстанымы туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивтік ұсыныстары мен бастамаларын қамтуы мүмкін.
Конкурс жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» конкурсының «Үздік қысқаша мотивациялық бейне», «Ең үздік сурет/плакат», «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» белгісімен e.omarov@amanatpartiasy.kz пошта арқылы жолданады.
Байланыс телефондар:(43-69-65), (43-54-92.
Конкурсқа жолданған материалдар қайта қайтарылмайды және оларға рецензия жазылмайды.
Конкурс қатысушысы өтінімдердің шексіз санын бере алады.

Таңдаулы материалдар

Close