Qoǵam
Ақын – елдің ардағы
Бауыржан Үсенов жалғанның жарығында аз ғұмыр кешсе де, оның шығармашылығынан түрлі кезеңдерді тап басқан тамыршыдай таланттың белгісін көруге болады. Жастық шақтың жұпар сезімінен бастап, адамның, заманның, қоғамның ортақ қасіретін қозғаған өлеңдерінің өзінде де шынайылықпен қатар, шыншылдық бар. Ақынның 182 өлеңі және прозалық шығармасы, естеліктер, арнау өлеңдері өскелең ұрпаққа өлшеусіз мұра болып қала берді.
Ақын Бауыржан Үсеновтың есімін ұлықтау, сарқылмас мұрасы мен шығармаларын дәріптеу, жас ұрпаққа ұлтжандылығын үлгі-өнеге ете отырып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында аудандық кітапханаларда ақынның туғанына 60 жыл толуына орай онлайн іс-шаралар өткізіліп, «Facebook» «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жүктелуде.
Атап айтқанда, аудандық балалар кітапханасы «Жасын ғұмыр», Т.Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Жұлдыздан терем өлеңді» атты онлайн оқу өткізді. Сонымен қатар, ауылдық кітапханалардағы оқырмандар да онлайн оқуларға қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Мәселен, Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Қымбат Сауытбек, Камила Зиябек «Өмірге ғашық жүрекпен», Көлтоған ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Аяна Орынбасар, Маржан Жолтан «Жуалыдан атылған жыр-жанартау», аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрислам Кемелбек, Кәріқорған ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Шайдулин Тоқжан, Әділбек Шынарым “Жуалының қыраны” атты онлайн оқуларына қатысты. Ал, кітапханашы Назгүл Серкебаева «Жапыраққа жазылған жыр» онлайн оқуын өткізсе, Бақалы ауылдық кітапханасы «Дарын» онлайн-поэзия кешін ұйымдастырды.
Ертай ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Балнұр Назымбек «Ақын – елдің ардағы», Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Абделиева «Жұлдыздан терем өлеңді» онлайн-ақпарат, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашы Н.Төрегелдиева «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» атты онлайн – еске алу сағатын, Көктөбе ауылдық кітапханасы «Жуалы қыраны» тақырыбында библиопост өткізді.
Күләш Таубалдиева,
аудандық кітапхананың әдістемелік бөлім меңгерушісі