Qoǵam

Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!

2019 жылы желтоқсан айының соңында Қытайда тарай бастаған COVID-19 індеті статистикалық мәліметке сүйенсек, әлемнің 221-ге жуық еліне тараған. Індеттің кесірінен қаза тапқандар саны қаншама. Бұл аурудан аман-есен, құтылып айыққандар да жеткілікті.

Өткен жылы наурыз айының 11-і күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл коронавирусты пандемия деп жариялады.
Көптеген елдер осы ауруға қарсы екпе дайындай бастады. Екпені үш кезеңнен өткізіп, тексеріп, адам денсаулығына ешқандай зияны болмайтындай етіп шығарды. Дүниежүзіндегі алып мемлекеттер өздерінің дайындап шығарған вакциналарын сынамадан өткізіп, басқа елдерге де жеткізе бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттен құтылудың, алдын алудың жалғыз жолы – жаппай вакцинациялау деп шешім шығарды.
Сонымен 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап, біздің елде де жаппай вакциналау басталды. Яғни Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялау басталды. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакцинациялау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылды.
Қазіргі таңда біздің ауданда екпе алған ересектер 68 процентке жетті. Өз еркімен екпе салдырып жатқан тұрғындар да жеткілікті.
Аудандық орталық аурухананың жылжымалы медициналық кешені аптасына жеті күн орталық базарда тұрады. Ол жерге жеке кәсіпкерлер, аудан тұрғындары келіп екпе салдыруда. Алыс ауылдардан келетіндер ауруханаға бармай, базар орталығында тұрған жылжымалы медициналық кешенге барып салдыруда. Ол жерде екпе алуға барлық жағдай жасалған. Біз осы жағдайды өз көзімізбен көру үшін өткен жұма күні орталық базарда тұрған жылжымалы медициналық кешенге бардық. Кешенде бір дәрігер, екі медбике аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Біз жалпы тәжірибелі дәрігер Гүлжайна Әбделіні сөзге тартқан едік.
-Жылжымалы медициналық кешен мамыр айынан бастап базар аумағында тұрып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Кешенде дәрігерлер кезекпен қызмет көрсетеміз. Бізге екпе салдыруға келген жанды жан-жақты тексеріп, түсіндіріп, ешқандай дәріге реакциясы жоқ екенін сұрап, өзінің рұқсатымен екпе саламыз. Екпе алған адам жарты сағат отырады. Біз сыртқа арнайы орындықтар қойып қойғанбыз. Менің қасымда екі медбике бар. Біреуі компьютерге тіркесе, енді біреуі екпе салады. Бұл жерге біркүнде 80-90 адамдай келіп екпе салдырады. Жалпы І-ші, ІІ-ші кезеңді қосқанда бір күнде 150 адамдай болады. Қазір екпе алып жатқандардың дені – жоғары оқу орнында оқитын білімгерлер. Өткен жылы олар карантиндік талаптарға сай онлайн форматында оқыды. Биыл дәстүрлі форматта оқитын болғаннан кейін жаппай вакцина алуда.
Бізге жылжымалы медициналық көліктен басқа ауылдық округтің әкімшілік мамандары да көмектесуде. Олар екпе алатын тұрғындарды бірге жинап, аудандық орталық ауруханаға хабарласып мән-жайды түсіндіреді. Ол жерге бір дәрігер мен екі медбике барып, ол кісілерді тексеріп, екпе саламыз. Бұл ауыл әкімшілігі мен тұрғындар арасындағы ауызбіршілікті көрсетеді,- дейді дәрігер Гүлжайна.
Қазіргі таңда «Спутник – V» вакцинасы салынып жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аудандық ауруханаға ауырып түсіп жатқан нақастардың көбі екпе алмағандар. Екпе негізінде адамды бұл індеттен 100 процент сақтамайды. Алайда ауру адамда жеңіл өтуі мүмкін.
– Аудан халқына айтарым- той тойлауды тоқтатыңыздар. Туысқанымнан ұят болады деп өз жақындарыңыздың басын қатерге тікпеңіздер. Жақындарыңызға жанашырлық танытыныздар. Тойдың бәрі әлі алда, ең бастысы осы індеттен аман-есен құтылайық. Сол үшін екпе алудан қорықпай келіп салдырыңыздар. Бұл өзіңіз үшін,- деді жалпы тәжірибелі дәрігер Гүлжайна Орынбасарқызы.
Аудандық орталық аурухананың берген мәліметіне қарасақ, бүгінгі күні, яғни 16 тамызда ауданда вакцинаның І-ші компонентін 15825 адам (68,5%) салдырды. Ал ІІ-ші компонентті 11861 адам салдырды. Бұл 51,3 процентті құрайды

Аудандық орталық аурухананың берген мәліметіне қарасақ, бүгінгі күні, яғни 16 тамызда ауданда вакцинаның І-ші компонентін 15825 адам (68,5%) салдырды. Ал ІІ-ші компонентті 11861 адам салдырды. Бұл 51,3 процентті құрайды.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close