Qoǵam

Ұлы істердің жаршысы

Жуырда №16 Жуалы колледжінде «Мехрибан-Шаңырақ» қоғамдық қорының президенті, аудандық мәслихаттың депутаты Эсмира Мамедованың ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жастар- ұлы істер жаршысы!» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.
Шараның мақсаты – білімгерлерді қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру және жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Іс-шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығының» этномәдени орталықтарының жұмысын үйлестіруші маманы Судаба Металимова ашып, сөз кезегін аудандық мәслихаттың депутаты Эсмира Мамедоваға берді.
– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы халыққа арнаған Жолдауында биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Елбасы өз сөзінде жастарды жан-жақты қолдау керек екендігін баса айтты. Қай ғасырда болса да ұлтжанды, рухы биік, парасатты ұрпақты тәрбиелеу басты міндетіміз. Қазіргі таңда өсемін, өнемін, білім аламын деген әрбір жасқа барлық жағдай жасалған. Сондықтан да әрқашан алға ұмтылып, бизнесті бастау туралы бағдарламаларды дұрыс пайдалану керек. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болмақ. Әр халықтың болашағы – жастардың қолында. Егер бүгін жастар өз халқының салт-дәстүрін сақтап, тарихын, дінін, ділін біліп өссе ел болашағының жарқын болары сөзсіз,- деді Эсмира Гашангқызы.
Одан әрі сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы Нұрдәулет Шырынбек жиынға қатысушы жастарды бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды. Қазіргі уақытта «Ауданымыз таза!» атты әлеуметтік желіде челендж бар екенін айтып, ауданның көркеюіне өз үлесімді қосамын деген жастарға үндеу тастады. Сондай-ақ Ақбастау ауылында да әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты қарттарға көмектеріңізді көрсетіп, ауласына, үйіне тазалық жұмыстарын жүргізсеңіздер де бір жақсы істің жаршысы, қайырымдылық болып есептелетіндігін тілге тиек етті.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close