Qoǵam

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы

Алтай мен Атыраудың, Epтic пен Жайықтың, Қызылжар мен Қаратаудың арасын мекендеген ұлан-байтақ еліміздің қашан да тілі мен дәстүрі, мәдениеті, тарихы мен тағдыры бip болған. Мұны кешегі тарих пен бүгінгі кемел күніміз дәлелдеп беріп отыр.
Сан ғасырлардан бері қаншама тарихи қиын-қыстау заманды басынан өткерген халқымыздың дәстүрін тұтастай етіп ұстап, өзге ұлттар мен ұлыстарды өзінің бауырына сыйдыра алды. Бүгінде біз әлем бойынша көпұлтты мемлекеттердің қатарына кіреміз. Десек те, біздің елімізде ұлттық араздық пен діни кикілжіңдер орын алған емес. Себебі, біздің көпұлтты мемлекет болуымыз талайы тағдырымыздың, әлеуметтік-тарихи көрінісі шындығымыз. Әйтсе де ол Тұңғыш Президент-Елбасының сара да дара саясатының арқасында бүгін біздің бөлшектенуімізге емес, бірігуімізге, жарқын да айқын болашағымызға қызмет жасауда. Бұл еліміздің дін саласындағы дұрыс бағытының, сарабдал саясатының жемісі.
Сан ғасырлық қатпарлы тарихымызға көз жүгіртсек, біздің ұлан-байтақ елімізде түрлі ұлттардың діни наным-сенімдері, мәдениеттері қатар өмір сүргендігіне көз жеткіземіз. Жалпы дін адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінез бен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір ілім. Қоғамның ең басты байлығы адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратуда діннің алар орын ерекше екендігін ата-бабаларымыз іс жүзінде көрсетіп берді. Бұл да біздің ата- бабаларымыздың діни төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп бере алғандығының дәлелі. Баға жетпес байлығымыз – бабаларымыздан өсиет болып қалған, халқымызға қасиет болып қонған бақыт – бірлігіміз екендігін, құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыздың бірлігі болғандықтан ел татулығын сақтаудың бүгінгі таңдағы маңызды іс-шараның бірі.
«Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы тұста діндердің баршасының негізінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың бар екендігін айта келе, сол діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманға сай зайырлы мемлекет орнатамыз». Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде осылай деп жазған Тұңғыш Президент-Елбасымыз барша діндердің негізінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың жатқанын айта келе, сол діндердің негізінен ала отырып, діни төзімділікті қалыптастыруды нұсқап отырған секілді. Себебі, ата-бабаларымыздың ұстанып келген ислам дінінің тарихына көз жүгіртер болсақ, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Оған Алланың рақметі мен сәлемі болсын) өзі діни төзімділіктің озық үлгісін қалыптастырып, іс жүзінде көрсетіп кеткендігіне көз жеткіземіз.
Сырт елдерде діни тұрақсыздықтың кесірінен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап, ел дамуының бірден бip кепілі ол діни тұрақтылық екенін түсінуге болады. Шынында мемлекет дінсіз болмайды, дін мемлекетсіз болмайды. Ceбебі, қандайда бip мемлекетті құраушы ұлттың және сол мемлекетте тұрып жатқан басқа да ұлттың ұлттық бет-бейнесі ұстанған дінінен, тілінен, салт-дәстүрінен көрініс табатыны шындық. Соның ішінде діни тұрақтылықтың болуы өте қажет. Бұл жағынан біздің еліміз жақсы жағдайда деуге болады. Сол үшін осы елдегі әр ұлт өз дінін тұрақты ұстану үшін елдің дінге деген жанашырлығын сезініп ұстанған діні арқылы болса да еліміздің дамуына, тұрақтылығына үлес қосуы керек. Шынында әрқандай дін сол елдің тұрақтылығына, үлес қосуы керек. Шынында әрқандай дін сол елдің тұрақтылығына, даму өркениетіне қарсы емес.
Еліміз халқының басым көпшілігі ислам дінін (ханифа мазһабы) және христиан дінің (православ тармағы) ұстанушылардан тұратынын білеміз. Кім қандай дінді ұстансын әркім өз дінінің қүұндылығын сақтап, дінаралық татулықты нығайтып, бір-біріне құрметпен қарап, дінің арқылы болса да еліміздің дамуына, тұрақтылығына жұмыс жасау керек.
Әлемде моральдық-имандылық дағдарыстың кең етек алуына тән белгі дінге сенетіндерді баса-көктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің жағалауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып отыр.
Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде, барлық діндерге қатысты байқалып отыр. Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды көпшілік алдында өртеу, мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діндарларды соққыға жығу мен өлтірулер бар.
Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде. Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі әлеуметтік-саяси проблемалдары жетерлік елдер бар.
Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.
Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегендік емес, тіпті қатерлі де.
«Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан, барлық қазақстандықтың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі-бұл Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы» деп Тұңғыш Президент-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, біз бір ел болып әлемдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып келеміз. Біз үшін дәстүрдің де тұтастығы осында. Себебі, Қазақстанда мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері қандай ұлттың өкілі болса да, әртүрлі дін өкілдері болсақ та біз үшін бейбітшіліктен асқан құндылық пен бақыт жоқ.
Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады. Біз оны алыс жақын көршілес елдердегі саяси оқиғалардан көріп біліп отырмыз.
Әpбір халық үшін азат мемлекет, егеменді ел болудан артық құндылық болмас сірә?! Ал сол тәуелсіз мемлекет үшін Тәңірінің тыныштығы мен бейбітшілігінен асқан бақыт жоқ екендігін ұмытпауымыз қажет.
Құрбан ӘБДІР,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің теолог-маманы

Таңдаулы материалдар

Close