Qoǵam

Діни экстремизм мен терроризмнің мәні және болмысы

Қазіргі таңда саяси-әлеуметтік негізде экстремизм мен терроризм өте күрделі мәселе болып отыр. «Діни экстремизм» ұғымының ғылыми айналымда, сондай-ақ қоғамда, БАҚ-та қолданыла басталғанына көп жылдар өте қойған жоқ. Дінді пайдаланып өз мақсатына жетуді көздеген экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың дертіне айналған сияқты. Алайда, бұл ұғымның әлеуметтік патологиялық құбылыс ретінде көптеген ғасырлардан жалғасып келе жатқандығына тарихи-құқықтық негіздер бар.
Дүниежүзінің әлеуметтік, мәдени және рухани, саяси, экономикалық мәселелерге әсерін тигізіп отырған діни экстремизм мен терроризмге ұйымдасқан түрде жұмыла атсалысып күресуіміз керек.
Ақиқатында «діни экстремизм» (латын тілінен – басып жаншу) дінді жамыла отырып белгілі бір мемлекеттің, топтың немесе жеке тұлғаның санасын улау, өз ырқына көндіріп, жоспарына сай пайдалану дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға төзімсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру». Қазіргі кезде аталған ұғым тек өзекті тақырыпқа ғана айнала қалған жоқ. Ол өз кезегінде көптеген елдерге өзіндік қауіп-қатерін төнідіріп келеді.
Экстремизмнің діни экстремизммен қатар этникалық экстремизм, саяси экстремизм деген түсініктері бар. Жалпы экстремизмнің субъектісі ұлттық, қоғамдық, діни, саяси партиялар мен жеке тұлғалар, топтар, қозғалыстар болып саналады. Діни экстремизм – дін атынан күш қолдану, билікте төңкеріс жасау, мемлекеттің егемендігіне, тұтастығына нұқсан келтіру, жалпы теріс көзқарас пен іс-әрекет болып табылады.
Экстремизмнің басты себептерінің бірі саяси құрылымдардың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, халықтың басым көпшілігінің жағдайының төмендігі, оппозицияның күшеюі, белгілі бір теріс діни топтың өз мақсатын тез жүзеге асыру болып табылады.
Терроризм дегеніміз – мемлекетке, мемлекеттік органдарға, халықтың нақты топтарына тұлғаның немесе ұйымдасқан топтың елдегі саяси мақсатты сылтауратып өз мақсатына жетудегі саналы түрде күш көрсету іс-әрекеті.
Діни экстремизм және терроризм күрделі мәселе, оларға қарсы тұрудың жолдарын пайдалана отырып, қосымша олар туралы дұрыс ашып көрсететін бейнероликтер, бүктемелер, фильмдер, әсіресе, қазіргі таңда жастар көп қолданатын ғаламтор беттеріне теріс ағымдар туралы көптеп материалдар шығару керек.
Діннің aтын жaмылғaн жaғымcыз құбылыcтapға қapcы күреcу әрқайсымыздың міндетіміз деп білуіміз керек.

Қалан МӘМБЕТӘЛИЕВ,
Жамбыл ауданаралық әділет
басқармасының инспекторы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

Таңдаулы материалдар

Close