Basty bet

Мерекелік медальдар тапсырылды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай аудан әкімдігінде аудан әкімі Нарбай Ергебековтың қатысуымен жиын өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына елеулі үлес қосқан азаматтар, зиялы қауым өкілдері «ҚР Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Аудан басшысы Нарбай Әбілқасымұлы жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады. Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес бірқатар жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант берді.
Ант қабылдау рәсімінен кейін аудан әкімі Нарбай Ергебеков пен аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков мерекелік медаль иелерін марапаттады. Марапатталғандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет саласы, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және жол көлігі, үкіметтік емес ұйым, өндірістік кәсіпорын, құрылыс кешені және жергілікті атқарушы мемлкеттік органдардың өкілдері бар.
Сонымен бірге бірқатар еңбек озаттары облыс әкімінің Алғысхатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғысхаттарымен және аудандық мәслихаттың Алғысхатымен марапатталды.
***
Мереке күні қарсаңында бірқатар еңбек озаттарына «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» мерекелік төсбелгісі тапсырылды. Олардың қатарында аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Шынаргүл Әбдікерімова, аудандық мемлкеттік архивтің директоры Ажар Ақбалаева, «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің фототілшісі Сәбит Күзембаев және «Jambyl- adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әйгерім Қасымғали бар. Мерекелік төсбелгілерді аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов тапсырды.

Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close