Basty bet

Аудандық Қоғамдық кеңестің Қоғамдық тыңдау отырысының хаттамасы негізінде қабылданған ҰСЫНЫМдары

1.Арыз бойынша шақырылған мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтауы ескерілсін.
2.Қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін ұсыныстар болмағаны ескерілсін.
3.Арыз мазмұнындағы фактілер бойынша келісе алмаған (спорный) мәселелер прокуратураға ұсынбай тұрып, қайта қарап, нәтижелері бойынша 2022 жылдың 18 мамырында аудандық Қоғамдық кеңеске арнайы, ресми түрде баяндалсын (аудандық полиция, аудандық Төтенше жағдай бөлімі – Д.Сапиев, Е.Әміров).
4.Қарасаз ауылдық округінің әкімі Ж.Нұрмұратқызы шұғыл түрде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен келісілген «Жайылымдарды басқару, реттеу бойынша 2022-2023 жылдарға арналған» жоспарды жергілікті қоғамдастықтың бөлімімен жиналысы бойынша қабылданған шешім (протокол) негізінде ұсынсын.
5.Аудан әкімдігінің ветеринария қызметі, аудандық полиция, Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары Р.Куньязовтың ұйымдастыруымен, ветеринария инспекциясы арқылы (Ғ.Кебеев) әр жұма сайын мал базар төңірегінде заң талаптарына сәйкес арнайы пост қойылып, базар әкімшілігіне арнайы ескертіп, анықтама, сырға, ветпаспорттар бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын, нәтижесі аудандық Қоғамдық кеңеске ресми түрде аудандық полиция ветеринариялық қызмет тарапынан баяндалсын. (Орындалу мерзімі тұрақты түрде).
6.Заң талаптары негізінде Қарасаз ауылдық округінде құрылған қоғамдастықтың өкілетігінің мерзімінің сақталуын, қайтыс болған мүшелерінің орнына мүше сайлау, ауылдағы белсенді азаматтарды тартып, сапалық құрамын өзгерту үшін тиісті мемлекеттік органдармен келісе, кеңесе отырып, шұғыл түрде қабылданған шешімдер туралы ақпаратты ұсынсын. (Орындалу мерзімі – 15 күн).
7.Арнайы Қоғамдық тыңдауға шақырылған аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринария мекемесі (стансасы) (Ғ.Кебеев), Төтенше жағдайлар бөлімі (басшысы Е.Әміров) тарапынан қатыспағаны ескеріліп, арнайы заң талаптарына сай ескертілсін.
8.Қоғамдық кеңес төрағасының қорытынды хаттама – негізінде қабылдаған ұсынымдары қатысқан тиісті мемлекеттік органдардағы мекемелерге (полиция, өрт сөндіру бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, Қарасаз ауылдық округі, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринария стансасы, ветеринария инспекциясы) және бұқаралық ақпарат құралдарына, қоғамдық бақылау субьектілеріне арнайы жіберілсін.
9.Зерделеу, шаралар қолдану үшін арызға қатысты шақырылған мемлекеттік органдар, мекемелердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға, мекемелерге (жоғары тұрған аудан, облыс басқармалары, департаменттер) қабылданған ұсынымдар 2022 жылдың 18 мамырында арнайы баяндалғаннан кейін жіберілсін.

Әбдікерім Уркумбаев,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close