Qoǵam

Мемлекетке төнген қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілеріне жол ашуға тосқауыл беруге бағытталған жұмыстар мемлекетімізде үлкен қарқынмен іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің және тәртіптің қалыптасуына барлық мемлекеттік органдар мен қоғам атсалысуға беруге міндетті.
Соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен тұрақты түрде жұмысты іске асыра отырып, бұл дертке жол бермеуге атсалысуда.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында сенім телефондары жазылған бейне-ролик дайындалып, соттардың күту залдарында орналасқан мониторлардан тұрақты түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін, әдептілік ұстанымын жемқорлыққа деген төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру керек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы дертпен күресу болып табылады. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру үшін мынадай негізгі қағидаттар арқылы қол жеткізе аламыз.
Біріншіден, жүйелілік қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін ғана анықтаумен шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты одан әрі жою мақсатында оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты тұрақты негізде арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидаты. Заңды мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады.
Үшіншіден, сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты. Азаматтар мен ұйымдар ақпаратты заңмен тыйым салынбаған тәсілмен еркін алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпараттарды заңға сәйкес ұсынуға міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуы тиіс.

Бақытжан Мүлкібаев,
Жуалы аудандық
сотының төрағасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close