Basty bet

«Nur Otan» партиясының кадрлық резервінің іріктеуіне қатысушылар арасындағы жария пікірсайыс жалғасуда.

Кеше Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Нарбай Ергебеков кезекті жария пікірсайысқа қатысып, үміткерлермен кездесу өткізді.
Кезекті пікірсайыс Керімқұл Бегалиев, Талғат Тұрмағанбет, Ермек Абдивайтов, Жарқын Қалтаев, Қанат Наушабаевтың арасында өтті. Ауылшаруашылығы саласының озаттары Керімқұл Мамырұлы, Қанат Наушабаев, Жарқын Қалтаевтың сайлауалды бағдарламаларының негізі саланы дамытуға бағытталды. Ал, Талғат Тұрмаханбет бюрократиямен күрес, жергілікті проблемаларды жедел шешу мақсатында үкімет пен халық арасында өзара байланысты күшейтуді бас айтса, Ермек Сайтбайұлы еліміздегі цифрландыру мәселесінде қарапайым халыққа қолжетімділігін арттыру мәселесіне баса назар аударды. Көрермен тарапынан қойылған сұрақтар қатысушылардың сайлауалды бағдарламаларының мақсатын аша түсті. Яғни, белсенді үміткерлер өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Пікірсайыста ауданымыздағы маңызды мәселелер, жастар мәселесі де кеңінен сөз болды.
Сөз кезегі аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нарбай Ергебековке берілді.
-Пікірсайысқа қатысып отырып, ауданымыздың белсенді азаматтарының үлкен жауапкершілік қасиеті мен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын көздеген мақсаттарымен таныстым. Сайлауалды бағдарламаларыңыздағы көтерілген мәселенің барлығы ауданға қажет.
Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан салада өркендеу бар. Яғни, жылдан-жылға мал саны артып, сала әртараптандырылып келеді.
«Еңбек ер атандырады» демекші, адал еңбектің арқасында жастарға үлгі боларлық игі істерді тындырып жүрген азаматтарымыз бар.
Қазір ауылдарымыздың да жағдайы жақсарып келеді. Көшелер асфальтталып, жарықтандырылуда. Жаңа үйлердің қатары көбеюде. Тұрғындар үйлеріне су, әжетхана орнатуда. Қазір ауылдағы үйлер қаладағы үйлерден кем емес. Халық мұның бәріне еңбектің арқасында қолжеткізуде. Алайда әлі де атқарылар жұмыс көп. Ауылда кәсіпкерлік саланы дамыту керек. Ауылдарда шаштараз, тігін цехы, наубайхана ашылса. Осы жолда жастарға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуіміз керек. Барлық жетістікке жету үшін адамға ынта, ықылас пен еңбек қажет.
Сондықтан праймеризге қатысушы әрбір үміткер халыққа қалай пайдамды тигіземін деген ойда болса. Президентіміз айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының орындалуына атсалысса.
Барлық үміткерлерге тек қана сәттілік тілеймін!- деді өңір басшысы.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Таңдаулы материалдар

Close