Basty bet
Киіз басу өнері насихатталды
«Киіз үй туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы – киіз үй. Осы ретте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы ауылының асыл әжелерінің қатысуымен «Әжемнің киіз үйі» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Алатаудың бөктерінде орналасқан киіз үйлерде түсірілді. Бабадан қалған мирас болып келе жатқан ұлттық қазыналарымызды қадірлеуге келешек ұрпаққа айтып отыру мақсатында ауылымыздың асыл әжелері Күләш Аханова, Қатира Халықтаева жазғы демалысқа келген немерелеріне киіз үйдің қадір қасиетін айтып дайындаған тақияларын кигізіп арнайы жинаған асықтарын тарту етіп, оның ішінде бал қымыздыңда пайдасын айтып немерелеріне ұсынды.
Ал «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрының жігіттері киіз үйдің бөлшектерінің жасалу жолдарымен өлең жолдарымен таныстырды. Ғасырдан-ғасырға жалғасқан ұзақ тарихы озық жәдігерімізді болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдыру біздің негізгі міндетіміз. Киіз үйді біздің халық, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Ғасырдан-ғасырға киіз үйдің мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Ендеше бізбен бірге киіз үйдің ақ босағасына еңкейіп кіріп, төріне шығуға шақырамыз.
Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету мақсатында Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен ауыл әжелерінің қатысуымен «Киіз басу өнері – көшпелілер мұрасы» атты онлайн шеберлік сабағы өтті.
Киіз басу өнеріне жан бітірген әжелеріміздің басты мақсаты халқымыздың ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, ата бабларымыздан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу.
Ұлттық өнеріміздің басқа елдің меншігінде қалмас үшін жиі жастарға насихат етіп айтып үйретіп отыру біздің негізгі парызымыз деп білген Мамекова Қоныскүл, Ысқақова Базаркүл әжелеріміз сырмақ пен текеметтердің, алаша мен түскиіздердің қолданылуын, қадір-қасиетін, әр ою-өрнектің тарихын, қазақ салт-дәстүріндегі орнын түсіндіруден шаршамады.
Іс-шараны жүргізіп тұрған жас ақын Нұржан Әліш өзінің қаламынан шыққан өлең жолдарымен шараның ажарын ашты. Шара соңында әжелер ұйымдастырушыларға ақ баталарын беріп қазақ қол өнері мен жәстүр салтына берік болуларын осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуына тілек білдірді. Іс-шара республикалық «Хабар24» және облыстық БАҚ-тарда көрсетілді.
Отбасының шырайын кіргізіп, айрандай ұйытып отыратын әйелдер екені белгілі. Қонағы үзілмей, берекесі асып-тасып отыратын шаңырақтағы әйелдің көпшіл, дастарханы қашанда астан арылмайтынын аңғаруға болады. Ал тұтас әулеттің келіндері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсе, бұл олардың енелері мен өмірлік серіктерінің абыройын одан сайын асқақтата түседі. Ауыл-аймақ, дос-жаранның алдында да қадірі артады.
«Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп бекер айтылмаса керек. Ал бір шаңырақтың астында бір-бірімен сөзге келмей өмір сүретін келіндер нағыз үлгі-өнеге. Сондықтан болар, қазақ халқында болашақ келіннің шыққан жеріне, тегіне назар аударылады. Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Абысын тату болса – ас көп» тақырыбында келіндер сырласуын көреременге ұсынды.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»