Basty bet

Тұрақтылық жолына таңдау жасадым

Соңғы бес жылда «Бурное сүт компаниясы» серіктестігінің жұмысы жүйелі жолға түсіп, өндіріс қуаты еселеп артуда. Кәсіпорында жүргізілген өндірістік жаңарулар өнім сапасының артуына айтарлықтай сеп болды. Өңірде сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің көптеп құрылуы, жеке секторда сауынды сиыр басының өсуі компанияның шикізат базасының артуына әкелді. Өнім сапасына мән берудің нәтижесінде бүгінде кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан аймақтарының сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, алыс-жақын шетелдердің нарығына шығарып, табысты саудалап жүр. Жұмысшылардың жалақысы да тұрақты, дер кезінде төленіп келеді.
Біз мұның барлығы еліміздегі саяси тұрақтылық пен тұрлаулы экономикалық өсімнің арқасында мүмкін болып отырғанын жақсы түсінеміз.
Сондықтан да елімізде өткен жалпыхалықтық Президент сайлауына бүкіл еңбек ұжымымызбан біркісідей ұйымшылдықпен қатысып, таңдауымызды тұрақтылық пен даму жолына жасадық!
Тек тұрақтылық пен даму ғана егемен елімізді алға жетелеп, әлемнің бәсекеге қабілетті, дамыған елдерімен теңдей дәрежеде иық тірестіруіне мүмкіндік береді. Президентімізбен бірге алға, кең қанат жайып, самғай бер, Тәуелсіз елім!

Әбдібек ПОШҚАЕВ,
«Бурное сүт компаниясы»
ЖШС директоры

Таңдаулы материалдар

Close