El іshі

Ұлы есімдер өшпейді

Аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің Б.Момышұлы ауылы жастар ісі жөніндегі инспекторы Элмира Сүйінбаеваның ұйымдастыруымен «Ұлы есімдер өшпейді» атты елге сыйлы, құрметті, ауданымыздың танымал азаматы Аманжол қажы Дүрәліұлымен онлайн-сұхбат өтті.

Шараның мақсаты – Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, аға буындарының өмір жолымен, жастарға айтар ақыл-кеңестерімен бөлісу, жастарды имандылыққа, парасаттылықққа шақыру.
Аманжол қажы Дүрәліұлымен сұхбат барысында бірнеше мағыналы сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.
Шара барысында ардақты ардагер жастардың бос уақыттарын тиімді, пайдалы, рухани жан дүниеге азық болатын дүниелерге, білім алып, жақсы тәлім-тәрбие діңгегін қалыптастыруға жұмсауларын, өз өмір жолын адал еңбек етумен өткізу керектігін жеткізді. Әрбір жас өз өмірінің басты қалаушысы, тамаша бастамалар, асқақ арман қойып, оның орындалу жолында аянбай еңбек еткен жас қана барша жетістіктерге қол жеткізе алатындығын айтып өтті. Қоғамда әрдайым өзіндік ой-пікірін ашық, дұрыс жеткізуші жастарды ынтымаққа, белсенділікке шақыратын құрметті, білімді азаматтарымыз көп болуын тіледі.
Аудандық жастар
ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close