Qoǵam

Саулық – сақтықта

Өткен сенбі-жексенбі күндері аудан әкімінің тапсырмасымен құрылған аудан әкімінің орынбасарлары Әбдікерім Уркумбаев, Асхат Жабағы, Ернұр Қалмұрзаев және аудан әкімінің аппарат жетекшісі Серік Қойбақов жетекшілік ететін мониторингтік топтар күндізгі және кешкі рейдтерге шығып, 33 нысанды аралады.
Күндізгі рейд кезінде барлығы 22 нысан қаралды, оның ішінде 17 дүкен, бір кафе, бір дәріхана бар.
Түнгі рейдте 11 нысан қамтылды. Оның тоғызы азық-түлік дүкені болса, біреуі кафе, біреуі дәріхана.
Рейд барысында екі жеке тұлғаға медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңгеден айыппұл салынды.
Рейд барысында санитарлық талаптар мен сақтық шаралары тексеріліп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында бүгінгі күнге дейін 28 хаттама толтырылып, 11 айыппұл (жалпы сомасы 920 мың теңге) салынды.
Қалған 17 хаттама сот қарауына жолданды.
«Jańa ómir» – ақпарат»

Таңдаулы материалдар

Close