Qoǵam
Аудан мекемелері жылыту маусымына дайын
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне қарағанда, 2020-2021 жылдардағы қыс мезгілінде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстары тиісті деңгейде атқарылатын болады.
Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 561,2 шақырымды құраса, соның ішінде республикалық маңызы бары – 58,1, облыстық маңызы бары – 132, ал аудандық маңызы бары – 108,12 шақырым, қалған 263,0 шақырымы – ауыл ішілік автомобиль жолдары.
Республикалық мәндегі 58,1 шақырым автомобиль жолдарын күтіп ұстау, яғни қардан тазалау, тағы басқа жұмыстарды атқаратын мердігер «ҚазақАвтоЖол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Бұл мекеменің дайындаған техникаларының жалпы саны – тоғыз дана, атап айтқанда екі дана автогрейдер, екі дана КДМ (Камаз-Урал), екі дана шнекоротор, бір данадан жүк тиегіш, «ГазЕЛЬ» автокөлігі және «МТЗ» тракторы.
Кәсіпорынның қыс жағдайына дайындаған жанар-жағар майының көлемі барлығы 10 тоннаны құрайды. Тайғаққа қарсы пайдаланатын материалдары, құм – 2000 текше метр тұз –220 тонна. «Күйік» асуындағы 552-ші шақырымда және Б. Момышұлы ауылындағы «ҚазақАвтожол» РМК кеңсесінде жылыту пункттері бар.
Облыстық мәндегі 132 шақырым автомобиль жолдарын қысқы ұстау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде «Компессор Тараз» ЖШС атқаратын болады. Мекеменің жұмыс жоспарына сәйкес жолды қыста күтіп ұстау жұмыстарына 7 млн теңге қаржы қарастырылған. 6 дана техника дайындық сапына қойылған. Олар: күрегімен үш дана «МТЗ» тракторы, бір дана автогрейдер, бір дана жүк тиегіш, бір дана «Камаз-Урал» автокөлігі. Кәсіпорын базасында 150 тонна дизель отыны мен тайғаққа қарсы пайдаланатын материалдардан 80 тонна құм мен 50 тонна тұз дайындалған.
Аудандық маңызы бар 108,12 шақырым және Б.Момышұлы ауылішілік автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстарын атқаратын мердігер «Жасыл-Жуалы» КММ болып белгіленген. 2020-2021 жылғы қыс мезгілінде ауылішілік автомобиль жолдарының жаяу жүргіншілер көп жүретін жол өткелдері мен қиылыстарын қысқы күтіп баптау жұмыстарына 3431,0 мың теңге қаралды. Бұл қаржыға тайғаққа қарсы себілетін қажетті 15 тонна техникалық тұз бен 70 тонна құм, сонымен қатар 10 тонна дизель отыны сатып алынады.
Ал, аудандық мәндегі автомобиль жолдарының тау және қыр асулары, жолдардың қиын бұрлыстары мен өткеледерінің қысқы күтіп баптау жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатына 6500,0 тың теңге қаржы қаралды. Бұл қаржыға қажет етілетін 15 тонна техникалық тұз бен тайғаққа қарсы себілетін 200 тонна құм. Сонымен бірге 15 тн дизель отыны қаралған.
Аудандық 108,12 шақырым және ауылішілік 51,2 шақырым жолдарды қысқы күтіп баптау жұмыстарына дайындалған дизель отыны – 10 тонна, тайғаққа қарсы пайдаланатын материалдары: құм – 70 тонна, тұз- 15 тоннаны құрайды. Аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдарға қызмет көрсетуге техникалар мен тіркемелер саны 17, соның ішінде күрегімен төрт дана «МТЗ-892», үш дана «МТЗ-82,1» тракторы және бір дана «ЗИЛ МДК» автокөлігі, екі дана автогрейдер, екі дана «КамАЗ», төр дана жүктиегіш, төрт дана «РУМ», «КамАЗ» базасындағы вахта тасушы, бір дана «Урал» және бір дана «УАЗ» автокөліктері.
Аудан аумағында жеті жылыту пункті белгіленіп, толықтай жабдықталған. Олар – Боралдай ауылдық округінің Көлтоған ауылындағы «Компания СК және Б» ЖШС-нің ғимараты және осы округтің Ертай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы ОМ, Б.Момышұлы ауылындағы №29 ОМ, Жетітөбе ауылдық округінің Қоңыртөбе ауылындағы Похомов атындағы ОМ, Шақпақ ауылдық округінің Шақпақата ауылындағы Сағындықов атындағы ОМ, Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы Ломоносов атындағы ОМ, Б.Момышұлы ауылындағы «ҚазақАвтоЖол» РМК Жуалы жол пайдалану учаскесінің кеңсесіндегі жылыту бөлмелеріне аудан әкімдігі тарапынан 20 дана төсек, 20 матрас, 20 көрпе, асханалық 4 дана үстел, 20 дана орындық, бір газ плита, үш дана термос, үш дана шам, бір дана шкаф қойылған.
Аудандағы бюджеттік нысандардың, жылу беру қазандықтарын және электр жүйелері мен табиғи газ құбырларын 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына сапалы дайындау жұмыстарына 188 302,5 мың теңге жоспарланып, бекітілген.
Аудан көлемінде 45 білім, 26 балабақша,47 денсаулық сақтау, 3 спорт, 46 мәдениет, 1 Жуалы көп салалы колледж нысандары және «Жуалы-Су» КММ жалпы 169 мүліктік нысан жылу беру маусымына кіреді, бүгінгі күнге барлық нысандарда дайындық жұмыстары аяқталуда. Олардың ішінде 37 нысан қазандық арқылы жылытылады. Оның 9-көмірмен, 28-табиғи газды пайдаланады.
2020-2021 жылы аудан бойынша отын қоры бюджеттік мекемелерге жалпы 2900 тонна тас көмір қаралған, оның барлығы бүгінгі таңда толықтай,яғни100% жеткізілген. Атап айтқанда: білім саласы бойынша 2365 тн тас көмір жоспарланған, бүгінгі күнге жеткізілгені 2365 тн, яғни 100 пайыз, балабақша бойынша 192 тн тас көмір жоспарланса, бүгінгі күнге жеткізілгені 192 тн, яғни 100 пайыз, мәдениет мекемелеріне 179 тн тас көмір жоспарланған, бүгінгі күнге жеткізілгені 186 тонна, яғни 104 пайыз, денсаулық сақтау мекемелеріне 164 тн тас көмір жоспарланған, бүгінгі күнге жеткізілгені 164 тонна, яғни 100 пайыз.
2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 4 700 тн тас көмір жоспарланған. Бүгінгі күнге жеткізілгені 3291 тонна, яғни 70 пайыз.
Білім саласы бойынша 45 білім беру мекемесінің 39-ы мектеп, біреуі шағын орталық, төрт мектептен тыс мекемелер (3-өнер мектебі, 1-аула клубы), бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.
Білім мекемелерінің 28-і қазандықтар арқылы жылытылады, яғни 28 мектептің 9-ы тас көмірмен, 19-ы табиғи газбен жылытылады. Жалпы 30 нысан табиғи газбен, 15 нысан тас көмірді пайдаланады.
Білім ошақтарын отынмен қамтамасыз ету мақсатында тас көмірге 2365,0 тонна, оған 35 754,0 мың теңге қаржы қарастырылып, конкурс өткізіліп мердігер «Байдалиев» ЖК болып анықталды. Жоспарланған 2365 тонна тас көмір бүгінгі күнге толықтай, яғни 100 пайыз жеткізілген. Ал табиғи газға 2020-2021 жылға 41811,8 мың теңге қаржы қарастырылған.
Ауданның мәдениет саласына қарасты барлығы 46 нысан бар. Соның ішінде бір аудандық кітапхана, бір ауылдық балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапхана, бір аудандық тарихи-өлкетану музейі, сегіз мәдениет үйі және 12 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетеді. Бір нысан орталықтандырылған қазандықпен, 26 нысан табиғи газбен және 19 нысан тас көмірмен жылытылады.
2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына сапалы дайындау бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес отынмен қамтамасыз ету мақсатында табиғи газға 3 377,0 мың тенге, тас көмірге 179 тонна жоспарланып, 2400,0 мың теңге қаржы қаралып, толықтай жеткізілген.
Денсаулық сақтау саласындағы 47 медициналық қызмет көрсету мекемесінің 1-уі орталықтандырылған қазандықпен (табиғи газбен), 5 медициналық қызмет көрсету мекемесі ғимаратсыз, 41 нысан дербес пешпен, соның ішінде 23-і табиғи газбен, 18-і тас көмірмен жылытылады. Барлығы 42 медициналық қызмет көрсету мекемелеріне жылу беріледі.
Денсаулық мекемелерін отынмен қамтамасыз ету мақсатында табиғи газға 6 000,0 мың теңге қаржы қаралған. 164 тонна тас көмір сатып алу жоспарланып, 3 608,0 мың теңге қаржыға мердігер «ABIGroup» ЖШС болып анықталып, жоспарланған 164 тонна көмір толықтай түсірілді.
Ауданда денешынықтыру және спорт саласына қарасты №12 және №13 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. 2020-2021 жылғы қысқы жылыту маусымына №12 спорт мектебіне көгілдір отынға 1 400 000 теңге, дизель отынына 50 000 теңге, ал №13 спорт мектебіне көгілдір отынға 379 000 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Мекеме көгілдір отын тұрмыстық пеші арқылы жылытылады.
Тұрмыстық пеш тексеруден өткізу, жылыту және жылу беру маусымына ыстық сумен жабдықтау жүйесін қысым сынағынан өткізу және жылыту жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізу 2020 жылдың тамыз айына жоспарланған. Аталған жұмыстар аяқталды. Тұрмыстық пеш бөлмесі ішкі және сыртқы аумағы тазартылып, ақталып, сырланды.
Жуалы ауданы электр желілерін тарату мекемесіне қарасты электр желісінің ұзақтығы 381 шақырымды құрайды, тәуліктік орташа электр қуатының көлемі 97 077 кВт сағат берілуде. Жалпы өлшеу құралдары жеке тұлғалар бойынша 9869 тұтынушыға орнатылған, заңды тұлғалар бойынша 515 тұтынушыға орнатылған.
Аудан көлемінде жалпы газ құбырының ұзақтығы 353,7 шақырымды және тұрғындардың тәуліктік газ тұтыну көлемі 150 000 текше метрді құрайды, екі дана газ тарату пункті бар. 8 052 жеке тұлғаға және 235 заңды тұлғаға үйлік өлшеу құралдары орнатылған. 2 дана газ тарату пункті, 73 дана шкафтық реттеу пункті ағымды жөндеуден өткізілген.
Аудандық газ шаруашылығы мекемесінің мәліметіне қарағанда, бюджеттік мекемелердің табиғи газға ағымдағы қарыздарының барлығы өтелген, аудандық электр желілерін тарату мекемесінің мәліметі бойынша мекемелердің электр энергиясына ағымдағы қарыздар барлығы 5 744 308,28 теңгені құрайды. Ағымдағы қарыздар өтелуде.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»