Qoǵam
Дәстүрлі танымның кеңеюі жолында
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ облыстық дін саласындағы ақпарат-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Бақтияр Алпысбаев аудандағы бірқатар мекемелерде кездесулер өткізіп, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру мақсатында «Қазіргі әлемдегі лаңкестік және діни экстремизмнің қаупі» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында дәріскер қоғамда орын алып жатқан лаңкестік және діни экстремизмнің қаупі туралы, жастар арасында діни сауаттылықтың, әлемге деген діни көзқарасының, психологиясының төмен екендігін атап өтті. Әңгіме барысында діни сана, діни фундаментализм, радикализм мен экстремизм жайлы мағлұматтар беріліді. Сонымен қатар Қазақстанда тыйм салынған діни ұйымдар мен ағымдар туралы ақпарат берілді.
– Дәстүрлі діндер өздерінің қасиетті жазба кітаптарында ешқандай экстремистік идеяларды қамтымайды. Керісінше, адамдарды татулыққа, адам сүйгіштік пен кешірімді болуға шақырады. Ал дәстүрлі емес діни ағымдарда фанаттық экстремистік идеялар басым болып келді. Сондықтан біз рухани аш жастарға дәстүрлі діндерді дұрыс насихаттасақ сонда экстремизм мен терроризмнің алдын аламыз деп сенімді түрде айта аламыз, – деді Бақтияр Қаржаубайұлы.
Дінтанушы дәріскер діни экстремизмнің шығу себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы ой тастап, кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»