Qoǵam
Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар
Жақында аудандық оратылық кітапхананың «Білім орталығында» «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында және аудан әкімі Н.Ергебековтің бекіткен жоспарына сәйкес, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жастармен «Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар» тақырыбында кездесу өтті.
Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры М.Телеушов – әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірнеше азаматтарды мерекелерімен құттықтады. Ауданның қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытып, қызметтерін атқарып, білім саласында жас ұрпаққа дәріс беріп, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланып, қайтарымсыз несие ұтып, өңіріміздің кәсіпкерлік саласын дөңгелетіп жүргізіп жүрген жастарымыздың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, кездесуде «Білім орталығы» мекемесінде, №15 мектеп лицейінде жұмыс істейтін Е.Әділбек, №28 Амангелді орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Е.Қалыбай, аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығының» қызметкері Н.Әділбек, жеке кәсіпкер А.Ақшекеева, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің маманы Д.Аярбек мекеменің Алғысхатымен марапатталды.
Аудандық жастар ресурстық орталығы