Basty bet
Жамбыл өңірінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында аймақтың бас санитарлық дәрігері 19 қазан сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Жамбыл облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
ҚАУЛЫ
1. Жамбыл облысы аумағындағы шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен тұрғындардың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен жағдай тұрақталғанға дейін шектеу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етсін:
1) балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салу;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, олардағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмысына тыйым салу;
3) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б.), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салу;
4) мал базарларының қалыпты режимдегі жұмысына тыйым салу, бұл ретте күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат ету;
5) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің) жиналуына жол бермеу;
6) ҚР БМСД № 47 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын (маска) уақытында ауыстыра отырып пайдалану және кәдеге жарату алгоритмінің сақталуын және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қамтамасыз ету;
7) жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмектің, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді қоспағанда, Жамбыл облысы елді-мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу;
8) 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;
9) парктерге, алаңдарға, скверлерге және ойын-сауық объектілерінсіз халықтың өзге де демалыс орындарына 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және жеке қорғаныс құралдарын (маскаларды) уақытында ауыстыра пайдаланып, кәдеге жарата отырып баруға рұқсат беру;
10) ҚР БМСД № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып (объект персоналы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді, келушілерге қолғапсыз және қорғаныш экрандарынсыз қызмет көрсету кезінде персоналдың (даяшылардың) жұмыс істеуіне жол берілмейді), ашық ауада және үй-жайда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс режимін сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және т.б. адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шаралар өткізілмей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілердің отырғызу орындарының санына сәйкес бір уақытта болуымен залда 50-ден аспайтын отырғызу орындарын орната отырып, шектеу, жеткізумен жұмысқа рұқсат беру;
11) ҚР БМСД № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың қызметін шектеу. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылуы тиіс (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған кезде);
12) қоғамдық көліктің, қала маңындағы жолаушылар поездары/электричка қозғалысының, қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарының біркелкі қозғалыс кестесімен, отыратын орындардың саны бойынша толтырылатын, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысына рұқсат беру, көлікке жеке қорғаныс құралдарын (маска) пайдалана отырып, мінуге рұқсат ету. Әр рейс алдында (мамандандырылған ұйым немесе оқытылған персонал) автобустардың жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті өңдеуді жүргізу;
13) ҚР БМСД № 47 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрақты жұмыс орындары арасындағы алшақтығы кемінде 2 метр болатын ТЖО-ға 3 клиенттен аспайтын, сағат 06.00-ден бастап сағат 22.00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен халыққа байланыссыз қызметтер көрсету (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) жөніндегі объектілердің қызметіне рұқсат етілсін;
14) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтардың қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтау кезінде, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ҚР БМСД № 43 Қаулысының 14-қосымшасына сәйкес рұқсат етілсін;
15) ҚР БМСД № 43 қаулысының талаптарын, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;
16) ҚР БМСД № 47 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес санитариялық нормаларға сәйкестік актісі (толтырылуы 50%-дан аспайтын) болған жағдайда ашық ауадағы аттракциондар қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
17) ҚР БМСД № 47 қаулысының 7-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне санитариялық нормаларға сәйкестік актісі болған кезде, клиенттердің алдын ала жазылу бойынша, келушілер толтырылуын залда 1 келушіге 4 ш.м. және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, креслолар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтаған кезде рұқсат етілсін;
18) ҚР БМСД № 47 қаулысының 16-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысына санитариялық нормаларға сәйкестік актісі болған жағдайда (1 келушіге 4 ш.м. есебінен толтырылуы 50%-дан артық емес) жұмыс режимін сағат 06.00-ден бастап 22.00 сағатқа дейін шектей отырып рұқсат етілсін;
19) ҚР БМСД № 47 қаулысы 8-қосымшасының талаптарын, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының (орталықтарының), спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне алдын ала жазылу бойынша, бір келушіге 50%-дан артық емес және 5 ш.м. кем емес толтырылуын қамтамасыз ету кезінде рұқсат етілсін;
20) ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар өткізуге, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру (байланыссыз термометрия жүргізе отырып, спорттық базаларда тұрып, 30 адамнан артық емес);
21) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада (5 адамнан аспайтын) жеке және топтық жаттығулар өткізуге, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
22) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
23) аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру;
24) аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып “Қазпочта” АҚ қызметіне рұқсат беру;
25) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
26) ҚР БМСД № 47 қаулысының 17-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жобалық қуаттың 80% – нан аспайтын толуы кезінде туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар, санаторий-курорттық мақсаттағы объектілер және т.б.) қызметіне рұқсат беру;
27) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының; күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беру;
28) бассейндердің қызметіне (жеке форматта, 1 келушіге су айнасының 5 ш.м. есебінен, алдын ала жазылу бойынша), күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
29) мәдениет объектілерінің (30-дан көп емес адамның қатысуымен жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
30) порталда тіркей отырып, 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан көп емес толымдылығын сақтай отырып, театрлардың қызметіне рұқсат беру InfoKazakhstan.kz, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, ҚР БМСД № 43 қаулысының талаптарын сақтау;
31) ҚР БМСД № 47 қаулысының 31, 38-қосымшаларына сәйкес, бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан көп емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін экскурсиялық қызметке рұқсат бере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
32) сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан көп емес сыныптарды жинақтауды сақтаған кезде мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
33) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;
34) ҚР БМСД № 50 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес алгоритмді, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу форматындағы мүмкіндер болмаған жағдайда) рұқсат беру;
35) бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат қызметі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысына, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат беру;