Basty bet

«Балалар – біздің болашағымыз!

«Балалар – біздің болашағымыз!». Тәрбие балабақшадан бастау алады. Ол жерде ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейді. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.
Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырған балаларға жауапкершілікпен қарау керек. Балалар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ.
Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» деген тамаша сөз бар. Бұл – мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, балабақшаның да алатын орны ерекше.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилер ата -анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру – ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол ашады.
Балаларды еңбексүйгіштікке баулу арқылы адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.
Қорыта келіп, өмірін осы қызметке арнаған адамды – өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз педагог деп атауға болады. Олай дейтініміз, олар болашаққа ізгілік нұрын себушілер. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы-педагог. Балалардың болашағын бірге қалыптастыруға бар күш-жігерімізді салып, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жарқын болашақты бірге құрайық.

Шарапат Ерімбетова,
«Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.Талапты ауылы

Таңдаулы материалдар

Close