Basty bet

Ынтымағы жарасқан – Мәңгілік ел!

Жақында «Nurai Plaza» кешенінде аудандық «Жастар ресурстық ораталығының» этномәдени бірлестіктер жұмысын үйлестіруші маманы Судаба Металимова және Б.Момышұлы ауылының жастар ісі жөніндегі инспекторы Элмира Сүйінбаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, этносаралық және конфессияаралық келісімді, ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында «Ынтымағы жарасқан – Мәңгілік ел!» атты форум өтті.

Форумға Б.Момышұлы ауылы «Аналар» алқасының төрайымы Жаңаш Серғазина, «Мехрибан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Эсмира Мамедова, шешен этномәдени бірлестігінің төрағасы Лечи Оздамиров, Б.Момышұлы ауылындағы Серафим Саровский атындағы приходтың настоятелі Анатолий Ильченко, «Тұлға» психологиялық орталығының директоры Зейнеп Дәуренова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Шерхан Оспанов және аудан жастары қатысты.
Шараны «Жастар ресурстық ораталығының» этномәдени бірлестік жұмысын үйлестіруші маманы Судаба Металимова ашып, жүргізді.
Ол аталған шараның мақсатына тоқталып, ел бірлігі мен ынтымағы туралы кеңінен сөз қозғап, сөз кезегін Б.Момышұлы ауылы «Аналар» алқасының төрайымы Жаңаш Серғазинаға берді.
-Бүгін жастармен мағыналы әрі маңызды шарада кездесіп отырмыз. Бірлік пен татулыққа арналған мұндай іс-шара қашанда маңызды. Себебі, біз мемлекетіміздегі ұлттардың достығын, ынтымағын мәңгілік ту етеміз. Біздің ең басты байлығымызда осы. Қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөз бар. Еліміздің жарқын жолға жол бастап, дамуы мен гүлденуі де бірлікте жатыр. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Достықты дәріптеген, ынтымақты бағалаған халықпыз. Осы уақытқа дейін ата-бабамыз қиын қыстау кезінде бір-біріне демеу болған. Ұрпақтар сабақтастығы ретінде бізде сол татулықты ту етіп, келер ұрпаққа жеткізуіміз керек,- дей келе, ауылдағы «Аналар» алқасының атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.
Форумда сөз алған аға буын өкілдері татулық туралы ой-пікірлерін ортаға салып, жастарды ынтымақта өмір сүруге шақырды.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ

Таңдаулы материалдар

Close