Basty bet

Асыраушы саланың әлеуеті арта береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында «Аграрлық секторға дәстүрлі қолдау көрсетумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аудару қажет» делінген.

Жуалы ауданы ежелден аграрлы аймақ болғандықтан, егін және мал шаруашылығын дамытуға екпін берілуде. Соңғы жылдары аграрлық саланы әртараптандыру барысында дәнді дақылдар алқаптары көлемі азайып, есесіне көкөніс және бақша өнімдері, майлы дақылдар үлесі артып келеді. 2020 жылдың өнімі үшін нақты 57 221 га (2019 ж. 53 789 га, 106,3 %) алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның ішінде арпа 27 750 га (2019 ж 25 909га,), көпжылдық шөп 3593 га (2019 ж. 2 677 га), майлы дақылдар 21 588 га (2019 ж. 20 845га), картоп 2 560 га (2019 ж. 2 543га), көкөніс және бақша өнімдері 680 га (2019 ж. 670 га), дәндік жүгері 300 га (2019ж 300 га), сүрлемдік жүгері 750 га (2019 ж. 750 га) себілді.
Аудан көлемінде өткен жылдардағы 25 987 га көп жылдық шөптерді және 9674 га күздік бидайды қосқанда барлығы 92 823 гектарға (2019 ж 90 775 га, 102,2%) ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. (2020 жылғы жоспар 92 311 га).
Ораққа түсетін масақты дәнді дақылдар көлемі 37 424 га болса, оның 27 750 га арпа, 9674 га күздік бидай құрады (2019 жылы 35 524 га). Әр гектардан алынған өнім 20,6 цн/га. жалпы түсім 77 093 тоннаны құрады.
Алдағы жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың жоспары 9800 га, нақты егілгені 9 315 га (95 %). Күздік рапс жоспардағы 100 га болса, нақты егілгені 50 га (50%). «Сансызбай» ШҚ 30 га, «Гамбург» ЖШС 20 га.
Ораққа түсетін 21 588 га майлы дақылдардың бүгінгі күнге орылғаны 21 380 га (99 пайыз), орташа өнімділігі 8,9 ц/га, жалпы түсімі 19 028 тонна. 80 гектар қытай бұршағы (соя) орылып, орташа өнімділігі 14,0 ц/га, түсімі 112 тонна.
Дәндік жүгері орылатыны 300 га, нақты жиналғаны 300 га, орташа өнімділігі 57 ц/га, түсімі 171 тонна (100 пайыз).
Картоп дақылының жиналғаны 2 541 га, орташа өнімділігі 242 ц/га, түсімі 61 492 тонна (99,3 пайыз), 670 га көкөніс дақылдарының жиналғаны 670 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 16 440 тонна( 100,0 пайыз) және бақша жиналғаны 10 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 102 тонна (100 пайыз .
Жалпы аудан бойынша ораққа түсетін 28 630 га көп жылдық екпелер. Индикаторлық көрсеткішке сәйкес, ағымдағы жылы 144 843 тонна пішен, 12 000 тонна сүрлем (силос), 11 000 тонна пішендеме (сенаж) және 14 200 тонна сабан дайындау жоспарланған.
Бүгінгі күнге барлық ауылдық округтерде науқандық шөп ору бойынша орылғаны 28 630 га (100 %), орташа өнімділігі 50,7 ц/га, жалпы жиналған өнімдер, пішен 145 200 тонна (100 %), пішендеме 11 000 тонна (100 %) бастырылып, жоңышқаның екінші орымы басталып, жұмыс жалғасуда. Науқандық жұмысқа қатысқан техникалар 75 дана шөп оратын комбайн, 122 дана шөп тайлағыштар және тағы басқа ауыл шаруашылығы тіркемелері. Салыстыру үшн: 2019 жылы 11 020 тн пішендеме, 14 240 тонна сүрлем, 146 320 тн пішен және 14 240 тонна сабан дайындалды).
Үкімет тарапынан 50 пайыздық жеңілдікпен минералды тыңайтқыштар бөлініп, таратылуда. 2020 жылы минералды тыңайтқыштар алу жоспары 3370 тонна (2019 жылы 3022 тонна алынған).
Бүгінгі күнге 313 шаруа қожалықтар «ҚазАзот» және «КазФосфат» ЖШС-мен 3 538 тоннаға өтінім берді. Нақты алынғаны 273 шаруашылық 3 393 тонна алынды (100,7 пайыз). Оның ішінде амиакты селитра 2688 тонна, аммофос 431 тонна, басқа да тыңайтқыштар – 272 тоннаны құрап, жоспар ойдағыдай орындалды.
Егін орағын уақытында аяқтау үшін жаңа ауыл шаруашылығы техникаларының үлесі көп. Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 625 трактор, 175 комбайн тіркелген.
Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары 174 техника болса, бүгінгі күнге 439,6 млн. теңгеге 140 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Соның ішінде 17 жаңа «МТЗ» тракторы, 1 дана тиегіш, 120 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі және 2 комбайн сатып алынды.
Картоп дақылына қажетті 50 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Соммасы 216 млн. теңге. Оның ішінде 15 трактор. 35 ауыл шаруашылығы тіркемелері. Барлығы 190 техника алынды, жалпы сомасы – 656 млн. теңге.
Жуалы ауданында агрохолдинг құру мақсатында Жетітөбе ауылдық округінен бір шаруашылық («НұрАгро» – басшысы Нұрболат Кенжебеков) таңдап алынды, құрамына 31 шаруа қожалығы кіргізіліп, 1050 га егістік алқабы мен 12 дана ауыл шаруашылығы техникалары есептелінді.
Алдағы уақытта шаруашылық тағы 12 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алуды жоспарлап отыр. Соның ішінде бір дана астық комбайны, үш дана трактор және сегіз дана ауыл шаруашылығы тіркемелері.
Ауыл шаруашылығы саласының нақты көлем индексі 9 айдағы жоспар 24 439 млн. теңге (2019 жылы 21 920 млн тонна). Болжам 24 439 млн. теңге, орындалуы 100,9 %. Соның ішінде егін шаруашылығы бойынша 10 393 млн теңге, мал шаруашылығы 14 046 млн теңге.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция, нақты көлем индексі тоғыз айдағы жоспары бойынша 121 450 млн тенге, бүгінгі күнге өндеуші кәсіпорындар арқылы 122 млн. теңге инвестиция есепке алынды.
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестициясының нақты көлем индексі жоспар 618 418 млн тенге.
Статистика бөліміне алынған техникалардың инвестициялық есебі тек қана тоқсан сайын жинақталады, яғни 22 қыркүйектен бастап қабылданады.
Бүгінгі күнге 190 шаруашылық күн сәулесі панелдері мен жаңа техникалар алынып, есепке кіргізуде, жинақталған сома 510 млн. теңге көлемінде, бұл 82,5 пайызды құрайды. Бұдан басқа 113 млн. теңгенің техникалары дайын, база қабылдамай отыр.
Мал шаруашылығы саласында 2020 жылдың 1 қыркүйекке ауданда мүйізді ірі қара 49 080 бас, 107,5% (2019 жылы 45656 бас), қой-ешкі 233603 бас, 100,2% (2019 жылы 233578 бас), жылқы 10970 бас, 106,8% (2019 жылы 10274 бас), құстар 125594 бас, 101,0%.(2019 жылы 124297 бас).
Мал басы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,5 пайызға, қой мен ешкі 0,02 пайызға, жылқы 6,8 пайызға,құстар 1,0 пайызға артып отыр.
Мал өнімдерін өндіруде 2020 жылдың 1 қыркүйекке ет өндіру тірі салмақпен 9201 тн. ,101,6%. (2019 жылы 9058 тн.), сүт өндіру 34124 тн. , 101,5% (2019 жылы 33607 тн.), жұмыртқа 5737 мың дана, 100,6% (2019 жылы 5704 мың дана) өнім алынды. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,6 пайызға, сүт өнімі 1,5 пайызға, тұқым өнімі 0,6 пайызға артты.
Сиыр еті экспорты бойынша жалпы жыл бойында жоспар – 40 тонна, бүгінгі есеп номері ауыл шаруашылығы министрлігінен келді, өткізетін шаруа қожалық атынан өтінім беріліп сертификаты алынды.
Қозы етін экспорттау жоспары 9 айда 22 тн. Мерке ет комбинатына барлығы 513 бас, өткізілгені -8,0 тонна. Күренбел ауылдық округіндегі «Қызыл жұлдыз» ШҚ 78 бас өткізген, 1,3 тонна. Шақпақ ауылдық округінде «Қадиша апа» ЖК 50 бас, 1,06 тн қозы еті. Боралдай ауылдық округінде «Ошархан» ШҚ 310 бас, 4,6 тонна, Жетітөбе ауылдық округінде «Әлішер» ШҚ 40 бас, 0,5 тонна, Қошқарата ауылдық округінде «Елемес» ШҚ 35 бас, 0,5 тонна. Бұдан бөлек, 2 000 бас қозы өткізілді.
Бордақылау алаңдарына бұқашық өткізу жоспары жыл бойында 2604 бас. Бүгінгі күнге аудан бойынша бордақылау алаңдарына барлығы 574 бас өткерілді (21,6 пайыз), оның ішінде Ақсай ауылдық округі 30 бас, Көкбастау ауылдық округі 44 бас, Қошқарата ауылдық округі 30 бас, Мыңбұлақ ауылдық округі 20 бас, Нұрлыкент ауылдық округі 21 бас, Жетітөбе ауылдық округі 100 бас, Бауыржан Момышұлы ауылы 255 бас және Шақпақ ауылдық округі 74 бас.
«Сыбаға бағдарламасы» бойынша жоспарда 250 бас берілсе, бүгінгі күнге Б.Момышұлы ауылындағы «Таңшығыс» ШҚ 32 млн. тенгеге 27 бас, Көкбастау ауылдық округіндегі «Ержан» ШҚ 35 млн. тенгеге 70 бас асыл тұқымды «Симменталь» және Ақсай ауылдық округіндегі «Сейітбек» ШҚ 15 млн. тенгеге 25 бас, Қарасаз ауылдық округіндегі «Ескендір» ШҚ 72 бас, барлығы 194 бас МІҚ малы сатып алынды, орындалуы 78 %.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша қой малын сатып алу жоспары 5 000 бас болса, бүгінгі күнге 4 ШҚ жалпы құны 69,6 млн тенгеге 1 705 бас (34,1 пайыз) сатып алды. «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан Көкбастау ауылдық округінен «Боранды» ШҚ қой малын алуға 10,0 млн тенгеге 250 бас, Б.Момышұлы ауылынан «Таңшығыс» ШҚ 500 бас, Билікөл ауылдық округінен «Қалдыбай» ШҚ 100 бас, Қошқарата ауылдық округінен «Мұрат» ШҚ 25 млн. тенгеге 615 бас, Боралдай ауылдық округінен «Жалғас» ШҚ 9,6 млн. тенгеге 240 бас қой алды.
Сонымен қатар «Әділет» ШҚ ұсақ малдарды алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 30 млн. теңге несие алды, алдағы уақытта қой малын алатын болады.
«Алқаптан – сөреге» бағдарламасы аясында картоп бағасын төмендету мақсатында аудан орталығы Б. Момышұлы ауылындағы М.Мәметова көшесінің бойында сенбі-жексенбі күндері жәрмеңкелер өткізілді. «Атамекен-Бастау» кооперативі мен «Айкүміс» ШҚ 16 тонна картоп өнімін әкеліп, әр килограмын 70 теңгеден сатты. «Дархан» ШҚ 6 тонна қара өріктің әр келісін 150 теңгеден, «Азамат» ШҚ қияр және Нұрлыкент ауылдық округінің бірнеше шаруашылықтары қырыққабат, қызанақ, сәбіз өнімдерін төмен бағамен сатты. Сатылған өнімдер сомасы 3 010 мың теңгені құрады.
Бұдан бөлек, аудан орталығындағы ескі автобекет маңындағы «Мадина» тойханасының алдындағы жабық алаңда «Алқаптан – сөреге» бағдарламасы аясында барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, ауылдық округтердің шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілері өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеге 14 ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары және «Жамбыл облысы ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту» жобасы аясында құрылған «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі өз өнімдерін әкеліп, нарықтық бағадан 15-20% мөлшерінде арзандатылған бағамен саудалады. Жәрмеңкеде саудаланған өнімдерді атап айтатын болсақ, қой еті – 250 кг, қызанақ – 2 800 кг, қияр – 1 800 кг, қара өрік – 680 кг, сәбіз – 1000 кг, картоп – 12 000 кг, қырыққабат – 1600 кг, алма – 700 кг, алмұрт – 300 кг, бал – 50 кг және сүт өнімдері – 100 литр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне келген аудан тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын айтып, осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастарылып тұруы жайында ұсыныстарын білдіріп жатты. Алдағы уақыттада осындай жәрмеңкелерді жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, қыркүйек айының басында Нұр-Сұлтан, қыркүйек-қазан айларында Тараз қалаларының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Жуалы ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан болатын.
Жәрмеңкеде жалпы құны 18 876 млн. теңгені құрайтын 76,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Атап айтқанда 8,6 тонна ет (жылқы, сиыр, қой), 8,2 тонна сүт өнімдері, 0,6 тонна бал, 3,7 тонна жеміс-жидек, 55,0 тонна картоп және 6,3 тонна әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды..
Аталған жәрмеңке ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен өткерілді.
Жуалы ауданында картоп және жеміс-көкөніс сақтайтын қоймалар саны 9, олардың жалпы сыйымдылығы 9 000 тонна. Соның ішінде мұздатқыштармен жабдықталғаны екі қойма.
Сыйымдылығы 4750 тоннаны құрайтын алты қойма шаруалардың өндірген өнімдерін сақтауға қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге қоймаларда сақталып тұрған өнім түрлері 3050 тонна картоп (азықтық картоп және тұқымдық картоп), 250 тонна алма, көкөніс өнімдері.
Ауданда мерзімаралық кезеңінде негізгі картоп, жеміс-көкөніс өнімдеріне қажеттілік 2 794 тоннаны құрайды. Сақталатын қалған картоп өнімдері шаруалар тарапынан ішкі рыноктарға сатылады.
Рақымғазы ҚҰНИЯЗОВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close