Basty bet

Жақындарымыз үшін де жауаптымыз

19 қазаннан бастап облысымыздың аумағында карантин талаптары қайта күшейтілді. Себебі, жер-жерде індетпен ауыра бастағандар қайта көбеюде. Кейбір көрші мемлекеттердегі жағдай мүлде қиын.

Саулық – сақтықта. Сондықтан карантин талаптарын сақтайық.
Коронавирустың бірінші толқынында халқымыз қаншама жақсы-жайсаңдарынан айырылды. Қаншама отбасы жақындарынан айырылды. Жалпы жағдай халықтың қабырғасын қайыстырды. Індеттің екінші толқыны көптеген елдерде жүріп жатыр. Біздің елде қалай болары, жеңіл немесе ауыр болуы халықтың өзіне байланысты. Яғни, барынша сақтанайық. Бірігіп, сақтық шараларын саналы түрде ұстанайық. Әрқайсымыз өз денсаулығымызға ғана емес, жақындарымыз үшін де жауапты екенімізді ұмытпайық.
Індет – біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болды. Барлық салаға өз салдарын тигізуде. Алайда, ең бастысы, халық аман болса, барлығы да қалпына келеді деп ойлаймын. Мен көпбалалы ана ретінде барлық жерлестерімді төзімділік пен сабырлылық танытуға шақырамын.

Дариха Сыдықова,
көпбалалы ана.
Б.Момышұлы ауылы

Таңдаулы материалдар

Close