Basty bet

Тату отбасы – мемлекеттің тірегі

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында «Бастау» жұмыс тобымен кезекті кездесу өткізілді.

Іс-шараға соттың төрағасы Бақытжан Мүлкібаев, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, «Бастау» жұмыс тобының жетекшісі Ернұр Қалмұрзаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков, «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығы» қоғамдық қорының төрайымы Зейнеп Дәуренова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов, билер кеңесінің мүшелері Сағындық Тоқбергенов, Аманжол Дүрәліұлы, М.Рахметов қатысты.
Іс-шараға төрағалық етуші Бақытжан Мүлкібаев қатысушыларды «Бастау» жұмыс тобы атқарған жұмыстың тиімділігін арттыруға шақырды. Осыған байланысты, отбасылық жанжалдарды төмендету басты міндеті болып табылатынын, іс-шараға қатысушыларға профилактикалық жұмысқа аса мән беру ұсынылды. Сондай-ақ, төрағалық етуші ерлі-зайыптылардың арасында ажырасуды болдырмауға барынша күш-жігер жұмсауды, аталған пилоттық жобаның мемлекеттің үмітін ақтау қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Ернұр Қалмұрзаев ерлі-зайыптылардың бір-бірінен алшақ, республикамыздың әртүрлі қалаларында тұрып жатқанына байланысты, олармен жұмыс жалғасып жатқандығын айтты. Сонымен қатар, әкімшіліктің өкілдері, билер кеңесі мүшелерінің, психолог және АХАЖ өкілдерінің қатысуымен отбасылармен үнемі кездесулер жүргізіліп, жақтардың бітімге келуіне бар мүмкіншілік жасалынып жатқанын атап өтті.
Соңында, жұмыс тобының басшысы Ернұр Қалмұрзаев ажырасу шегіндегі отбасыларды бітімге келтірудің көрсеткішін жақсарту жұмыстарын күшейтуді өз қолына алатындығын айта кетті.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close