Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасыларға берілетін Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беру жолымен алуды енгізу қажеттілігі тапсырылған.
Біз осы ретте аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі Жаныгүл Махмудовамен кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылармен, жеткізушілердің пікірлері, сондай-ақ тапсырыс беру процесі туралы аз-кем ой бөліскен едік.
– Жаныгүл Камалқызы, бүгінде ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың ішінен кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алатын бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасылар саны қанша?
– Жалпы АӘК алушылар саны 3 тоқсанда 757 отбасыны құрап, соның ішінен бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасылар саны – 686.
– Бүгінгі таңда бұл отбасылармен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беру туралы нендей шаралар атқарылуда?
– Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы (КӘТ) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсыну мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында, Б.Момышұлы ауылы әкімдігінде және барлық ауылдық округтерде АӘК алушы отбасыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда пилоттық жобасына қатысу үшін іріктелген КӘТ алып жүрген АӘК алушы 27 азаматтармен тапсырма беру алгоритмі негізінде жұмыспен қамту орталығында ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында оқыту ұйымдастырылды және 15 қазан күні Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алу бойынша пилоттық түрде жұмыс жасау бойынша 27 АӘК алушы азамат тапсырма беріп, жүйеде қабылданды.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алу бойынша тапсырыс беру процесі жөнінде тоқталсақ, бірінші кезекте жеткізушілердің назарына, Порталда жеткізушіні авторизациялау функциясы http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша қолжетімді және КӘП алушылар тапсырыс беру функциясы http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша қолжетімді. Порталда КӘП алушы тапсырыс беру үшін жеткізушілер мәлімдеген КӘТ түрлері бар болуы тиіс. Әрі қарай Жеткізушінің КӘТ тапсырысын қабылдау процесін бақылап, КӘТ- ны алушыға жеткізуі қадағаланады.
Әрине, Портал арқылы КӘТ түрлеріне тапсырыс беру кезінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдем көрсетіледі. Осы мақсатта, ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының қызмет көрсетуі бағытында жұмыстар үйымдастырылуда.
– Әңгімеңізге көп рақмет, жұмысыңызға табыс тілеймін!
Сұхбатты жүргізген
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»