Qoǵam
Аудан тұрғындарының назарына
Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылы –«Жастар жылы» -деп жариялануына байланысты ауданымыздағы жас азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жүргізілуде.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Жуалы ауданында 2019 жылдың 4 айында іске асыру барысында 3-бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде жас азаматтарды жұмыспен қамту белсенді шараларына тарту жұмыстары ұйымдастырылып, Бағдарлама аясында жалпы 467 адам қатысушы ретінде тартылды. (Жастар практикасына – 136, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 72, әлеуметтік жұмыс орындарына – 31, ваканттық тұрақты жұмыс орындарына -136, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 52, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 40).
Жастар пратикасын аяқтаған 25 жас мамандардың ішінде 8 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, яғни 32,0 пайызы. Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылуда.
2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 55 жас азаматтар оқытылып, кәсіпкерлік ісін ашуға – 19 жас азамат жалпы 67 млн. 800 мың теңге шағын несиелер алды, сонымен қатар 1 жас азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 240 мың 500 теңге қайтарымсыз грант берілген болатын.
Ағымдағы жылы аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға жалпы 142 қатысушыға 597600,0 мың теңге берілуі қарастырылған. Есепті мерзімде 1 адамға 4 млн. теңге шағын несие беріліп, бұл жұмыстар жалғастырылуда. Кредиттік ұйымдар қатысушыларға шағын несиелер беру жұмысын нығайту қажеттілігі туындап тұр.
Хаттаманың 4 тармағының 2 тармақшасында белгіленген талапты орындау, яғни жастарды кәсіпкерлікке баулу бағытында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 5 қатысушыға жалпы сомасы 1263,0 мың теңге қайтарымсыз гранттар берілуі қарастырылған, сонымен қатар аз қамтылған (көпбалалы отбасыларға) арналған 7575,0 мың теңге гранттар 15 отбасына қарастырылған, 42 жастарға – 21210,0 мың теңге гранттар берілуі көзделген. Жақын арада жастарға берілетін гранттар қаржының көлемі және қатысушы саны облыстық басқармамен нақтыланып, көбейтіледі. Сонымен қатар осы салаға қатысты жаңартылған Қағидалар бекітілген кезде гранттар берілуі іске асырылады (болжам бойынша- шілде айында).
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы»