Basty bet
Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы ҚАУЛЫ
Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында (2020 жылғы 27 қазандағы №39) ҚАУЛЫ ЕТТІ:
– облыс тұрғындары медициналық немесе матадан тігілген маскаларды қоғамдық орындарда, халықтың келуіне/қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте киюге міндетті.
Рұқсат етіледі
– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға;
– қоғамдық көліктің, қала маңындағы жолаушылар пойыздары/электричка қозғалысының, қалааралық, облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарының біркелкі қозғалыс кестесімен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, жұмысына;
– маска режімін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлар қызметіне;
– толтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің қызметіне;
– толтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне;
– толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, мал базарларының қызметіне;
– ашық ауада және үй-жайда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс режимін сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және т.б. адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шаралар өткізілмей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, бір уақыттағы келушілердің отырғызу орындарының санына сәйкес болуымен, залда 50-ден аспайтын отырғызу орындарын орната отырып шектеуді, жеткізумен жұмысқа;
– Уақытша қағидаларға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметіне;
– халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметіне;
– мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің қызметіне;
– кинотеатрлар қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 30%-дан аспайды, маска режімін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтау);
– сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне;
– арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне;
-топты 15 адамнан асырмай жинақтаған, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне;
-маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға;
-бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне;
-толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз етіп, моншалардың, сауналардың қызметіне;
-алдын ала жазылу бойынша, толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етіп, спорт объектілерінің қызметіне (фитнес-орталықтар, тренажер және спорт залдары, спорттық мен спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт кешендері, жабық және жартылай жабық спорт ғимараттары);
-белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне;
-мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);
ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда.
Тыйым салынады
– ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жабық азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің жұмысына;
– ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне, «LOTO club» ЖШС лотореясының өткізілуіне;
– қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға;
– фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне;
-кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне (Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуы сақталған жағдайда).