Basty bet

Бала тәрбиесі бәрінен де маңызды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен аталған комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, .«Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алуы»; «Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс қадағалаусыз жүруі»; «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қараусыз қалуы».
Аталған мәселелер бойынша аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Назиля Мәдібекқызы баяндама жасады.
Орын алған жағдайлар бойынша мектеп директорларының, ата-аналар мен оқушылардың жауабы тыңдалды.
Отырыс қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Ернұр Маратұлы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көтеру, мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының және ауылдардағы учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ширату, мектеп директорларына қандай жағдай болмасын жағдайдың алдын алуға жете мән беру қажеттігі туралы тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, комиссия отырысына шақырылған оқушыларды заман талабына сай білім алуға, уақытын өміріне қажетсіз дүниелер үшін бос өткізбеуге, өз өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Jańa ómir»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close