Basty bet

Құтқарушылар марапатталды

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 өрт сөндіру бөлімінде мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асхат Жабағы, аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Эльмира Абишева және құтқарушылар қатысты.
Алғашқы сөз аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асхат Базарбайұлына беріліп, ол өз сөзінде бейбіт күннің батырларына алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, еліміздің азаматтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегі мен жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарғаны үшін өрт сөндіруші, құтқарушылар, азаматтық қорғаныс сержанттары – Ерлан Әбдімәлікұлы мен Нұрғазы Белгібайұлын аудан әкімінің Алғысхатымен марапаттады.
Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Эльмира Абишева да сөз алды. Ол құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өрт сөндіруші, құтқарушы Сұлтан Таңатарға аудандық мәслихаттың Алғысхатын табыстады. Кәсіби мерекеде аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Кеңесбек Абдраимов бір топ құтқарушыға І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерін табыстады.
Сонымен қатар, шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші, құтқарушылары облыстық байқаудан жүлдемен оралғаны аталып өтті. Жуалылық құтқарушылар Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялқ-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші қарауылдары мен құрамдарының арасында өткізілген «Үздік ГТҚҚ буыны» байқауында ІІ орынды иеленген. Аталған байқаудың марапаты қарауыл бастығы Қуаныш Мықтыбековке табысталды.

Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close