Qoǵam

Дәрігерлер кеңес берді

Диагностикалық медицина кешені ауыл-ауылдарды аралауда. Ең алғаш Нұрлыкент ауылдық округінен басталған медициналық қызмет көрсету Қарасаз ауылдық округінің орталығы Қарасаз ауылында жалғасын табуда. Қарасаз ауылдық дәрігерлік амбулаториясында аудандық аурухананың дәрігерлері тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті. Тұрғындардың денсаулығын бақылап, дәрігерлік кеңестер берді.
Кешенде хирург Шолпан Чмаева, кардиолог Асия Абайқызы, балалар невропатологы Арай Бектасова, рентген лаборанты Қалби Сұрамысова, рентгенолог Әуез Шорманов, ультрадыбыстық зерттеу кабинетінің дәрігері Ринат Сейтімбетов тұрғындарды қабылдады.
Диагностикалық медицина кешенінен бұл күні кардиологтан 40 адам тексерістен өтіп, бір науқас анықталды. Сонымен қатар, 75 тұрғын ультрадыбыстық зерттеу жасатып, оның 23-нен сырқат анықталды. Ал, флюорографиядан 123 тұрғын тексерістен өтті.
Денсаулық саласының қызметкерлері алдағы уақытта өзге де елді мекенді аралап, қызмет көрсетуді жалғастыратын болады. Диагностикалық медицина кешенінің тиімділігін жергілікті тұрғындар көріп, алғыстарын айтуда.

«Jańa ómir»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close