Basty bet

Екінші тоқсанда оқу екі форматта ұйымдастырылды

Кеше мектептерде екінші тоқсандағы оқу басталды.
Ауданда 39 мектепте 2020-2021 оқу жылы COVID-19 коронавирустық инфекциялық пандемиясына байланысты қашықтан және штаттық режімде оқытылуда. ІІ тоқсанында 11211оқушы білім алады:
– 9 мектепте 6087(54,2%) оқушы қашықтан, оның ішінде 3574 қашықтан және 2513(100%)бастауыш сынып оқушылары кезекші топта дәстүрлі түрде оқытылуда;
– эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 30 мектепте 5124(45,8%) оқушы дәстүрлі түрде білім алуда.
Қашықтан оқитын мектептердегі 1080 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді.
«Daryn оnlinе» платформасының өкілдері, әдістемелік кабинетінің әдіскері тарапынан мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына бейнебайланыс конференциясы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Әр функцияға бейнеинструкция жасалды.

Назиля Тұрмаханбетова,
аудан әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close