Basty bet

«ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ»

2020 жылдың 1 – желтоқсанында ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ» деректі фильмі жарық көрмек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алғалы еліміз үшін жасаған алғашқы әрі ең маңызды қадамдары мен шешімдеріне шолу жасау арқылы халыққа бірінші Президентіміздің түпкі ойын жеткізу мақсатында «SCREEN продакшн – студиясы» «Qazaqstan» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша түсірілуде. Фильм қазақ тілінде, бір бөлімнен тұрады.

Аталған деректі фильмнің сценариіне көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мүддесі үшін қабылдаған шешімдері мен бастамаларының қазіргі жемісін көрсетуге арналады.
Фильмнің басты мақсаты – көрерменге мемлекеттік бағдарламаларды кез келген азамат тиімді пайдалана алатынын жеткізу, қазіргі жетістіктердің бір күнде емес, бірнеше жылда жүзеге асырылған еңбек екенін еске салу.
Деректі фильмде тұңғыш Президент елдің шекарасын шегендеп, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін осы шешімдерді қалай және не үшін қабылдағаны жайлы сөздерінен үзінділер қолданылады. Сондай-ақ, жоба авторы осы үш бағыт бойынша фильмнің негізгі идеяларына тоқталып, кейіпкерлермен лайф форматында әңгіме өрбітетіндігін атап өтті. Фильм кадр сыртындағы мәтінсіз, тек қана сұхбаттар мен монологтар негізінде құралады. Бейнеқордан кадрлар қолданылады. Мұндай формат кейіпкерлердің тұрмысы мен тірлігін шынайы әрі қызықты жеткізуге көмектеседі. Қарапайым азаматтардың көзқарасы мен пікірі арқылы елдіктің бастауы Елбасының маңызды шешімдері мен халықтың өзі екенін көрсетуді мақсат тұтқанын айтты.
Деректі фильм түсіруге Нұр-Сұлтан қаласынан аталған фильмнің сценарлық жоба авторы, «Қазақстан» телеарнасының тележүргізушісі Альбина Әшім өзінің түсірілім тобымен ҚР ҰҚК Жамбыл облысына қарасты Қордай Шекаралық басқармасының аумағында түсірілімін бастады. Басты кейіпкердің бірі жас офицер Дидардың заманауи Мемлекеттік Шекараны күзетуінің қиындығын сұхбат арқылы жеткізді. Ел шебінің берік күзету барысында көптеген шаралар Елбасының саяси ұстанымының арқасында жоғарғы жетістікке жеткенін іс жүзінде көрсетіп өтті. Егемендігіміз бен елдігіміздің басты тұғыры – шекараның шегенделуі туралы сұхбатында атап өтпек. Елбасы атап өткендей, «ең бастысы, шекарасы бекітілген елде ұйқы тыныш. Міне, осы бейбіт өмірдің бір күнде келген бақыт қана емес, сан жылдық еңбектің жемісі екенін көрсету, жұртқа жеткізу.
Аталған деректі фильмді осы жылдың 1 желтоқсанында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Жасұлан ЖАРКЕНОВ,
Жамбыл облысы бойынша
Шекара қызметі Департаментінің баспасөз хатшысы,
капитан

Таңдаулы материалдар

Close