Basty bet
Ерлік даңқы – мәңгілік!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны!» атты мерекелік салтанатты жиын Б.Момышұлы ауылындағы «Достық» мәдениет үйінің ауласында ұйымдастырылды. Оған аудан басшылығымен қатар, әскерилер және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шара басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы құрметпен сахна төріне шығарылып, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Алғашқы мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі Олжас Қаржауовқа беріп. жиналған қауымды Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтап, ел іргесінің бүтін, заманымыздың бейбіт болуына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, аудан басшысы әр салада өңірдің дамуына атсалысып, өз міндетін адал әрі жемісті атқарып жүрген бір топ еңбек озатын Құрмет грамотасы және Алғысхаттармен марапаттады.
Еңбек озаттарының келесі бір тобына аудандық мәслихаттың марапатын мәслихат аппаратының басшысы Шынаркүл Әбдікерімова табыстаса, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының Алғысхатын атқарушы хатшы Марат Нарымбеков табыстады.
Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шарада барысында жиналғандарға концеттік бағдарлама ұсынылды.
* * *
Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш жанында еске алуға арналған мерекелік шара өтті.
Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған жуалылық жауынгерлерге арналған «Ер есімі – ел есінде» монументіне алғаш болып аудан әкімі Олжас Қаржауов және аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер, аудандағы әскери қызметкерлер және т.б. мекемелер қатысты.
Жиналған қауым соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Олжас Қаржауов құттықтау сөз сөйлеп, Жуалы жұртына ізгі тілегін жеткізді.
Айта кету керек, мұндай шара сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне және ауылдық округтердегі ескерткіш-монументтерге гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты.
«Жаңа өмір»-ақпарат