Basty bet
Мониторинг нәтижесі
Жалпы Қазақстан бойынша 2019 жылдың І тоқсанында мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 1403 медицина ұйымы қызмет көрсетті, оның 701-і – жекеменшік. 2018 жылмен салыстырар болсақ, тапсырыс алған жеткізуші ұйымдар арасында жеке меншік клиникалар саны 57-ге көбейген.
2019 жылдың І тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі бойынша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы 71,9 млн теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгенін анықтады. Соның ішінде:
– дәрігерлік-амбулаториялық көмек саласындағы кемшіліктер – 14,7 млн теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер – 13,8 млн теңге; ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер – 4,7 млн теңге; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар – 21,4 млн теңге; медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша – 17,3 млн теңге.
Мониторинг барысында айыппұлдарға әкеліп соқтыратын негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру.
Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы
бойынша филиалы